ӨГЕЙ ӘКЕСІНІҢ ӨЛІМІНЕ СЕБЕПШІ БОЛҒАН ЖАСӨСПІРІМ 9 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Бүгін БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өгей әкесінің өліміне себепші болған И.Лапина мен оның досы Н.Мақсотты бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Бұл қанды оқиға 2019 жылдың тамыз айында орын алған. Тамыздың 12-сі күні түнгі сағат 12.00 шамасында қала маңындағы Бәйтерек ауданына қарасты Үлкен Шаған ауылында жүрген сотталушылар Ирина Лапина мен досы Нұрхан Мақсотқа жасөспірім қыздың анасы Вероника Лапина телефон шалып, өзімен бірге тұратын Е.Есқалиев екеуінің арасында жанжал туындағанын хабарлайды. Өгей әкесінің анасын төрт жасар сіңлісімен бірге далаға шығарып жібергенін естіп ызаға булыққан жасөспірім қыз досы Н.Мақсот екеуі жолға шығып, бір сағаттан кейін Лапиндердің Орал қаласындағы Коминтерн ауылындағы жалдамалы үйлеріне жетеді.
И.Лапина анасына зәбір көрсеткен өгей әкесімен жанжалдасып, соққы да сілтеп жібереді. Осы сәтте досына көмектеспек болған Н.Мақсот сөмкесінде жүрген қол орақты алып шығып, оның жүзімен жәбірленуші Есқалиевтің оң иығынан ұрып қалады. Денесіне тиген соққылардан Есқалиев жарақат алады. Осыдан кейін И.Лапина мен Н.Мақсот қыздың анасы мен сіңлісін сол елді мекендегі таныстарының үйіне апарып тастап, екеуі түнгі сағат 3.00 шамасында оқиға орнына қайтып келеді. Бұл уақытта Е.Есқалиев мас күйінде өз төсегінде ұйықтап жатқан болатын. И.Лапина оны оятып алып, анасынан кешірім сұрауын талап етеді. Мұның соңы ұрыс-керіске ұласып, ашуға булыққан екеу жәбірленушіні әбден соққыға жығады. Қолорақпен, табамен, шәйнекпен, асүй балтасымен басына, денесіне бірнеше мәрте тиген ауыр соққыдан 40 жастағы Е.Есқалиев сол жерде жан тапсырады.
Тергеп-тексеру кезінде кешкі мектептің 10-сыныбында оқитын И.Лапина мен оның еш жерде жұмыс жасамайтын досы Н.Мақсоттың кінәлары толық дәлелденген. Нәтижесінде олар ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігі, 7-тармағымен, яғни топтасып қасақана адам өлтіру белгілерімен кінәлі деп танылды. Аталған іс бойынша сотталушылардың жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, жәбірленуші тараптың пікірі ескеріліп, сотталушылар Нұрхан Мақсотқа – 15 жыл, ал кәмелет жасына толмаған И.Лапинаға – тоғыз жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталған жігіт өз жазасын – қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде, ал оқушы қыз кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейді.
– Үкім заңды күшіне енбегендіктен, оған заңда көзделген тәртіппен шағым жасалған жағдайда сот шешімінің заңдылығы жоғары тұрған соттармен тексерілуі мүмкін, – деді судья Ш.Зайнуллина.
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу