АВТОБУСТАҒЫ ТӨБЕЛЕС
Оралдағы 22 қоғамдық көлік кондукторы мен жолаушы төбелесті. Орал қаласы жолаушылар көлігі және автомомобиль бөлімі жолаушылар көлігі секторының меңгерушісі Алмас Ахошевтің айтуынша, оқиға кеше кешкі сағат 17.00 шамасында болған.

Медколледж аялдамасынан Құс фабрикасы ауданына қарай кетіп бара жатқан жолда ер адам белгіленбеген жерден тоқтауды талап еткен. Ол жерде жаяу жүргінші жолы да жоқ. Автобус тоқтамағаннан кейін ер адам мен кондуктор сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан. Аталған бағыт бойынша «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС қызмет көрсетеді.
– Қазіргі кезде кондуктор мен жүргізушіні шақырып, анықтау жұмыстары жүргізілді. Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде таралған. Кондуктор мен автобус жүргізушісіне сөгіс берілді. Негізінен аталған бағыттағы көлік қозғалысы өткен жылдың 31-ші желтоқсанында өзгертілген болатын, – деді Алмас Ахошев.
Соңғы жаңалықтар
Президент: «Мұндай маңызды шешім кең ауқымды талқылау арқылы қабылдануға тиіс»
Медициналық технологиялар және биоресурстар: БҚО мен Қытай компаниясының бірлескен жобасы талқыланды
Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету туралы келіссөздерді бастайды

Кіру
Пікір үстеу