8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қаңтар 2020 1827 0
Қоғам

ДЕРКӨЛГЕ ӘКІМДІК КЕРЕК

Соңғы күндері халық арасында Орал қаласы іргесіндегі Деркөл елдімекені Бәйтерек ауданына берілетіні туралы хабар тараған болатын. Бүгін Деркөл мәдениет үйінде өткен жиында Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков бұл мәселеге нүкте қойып, Деркөлдің ешқандай ауданға берілмейтінін айтты.

2013 жылы Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аймақтық үйлестіру заңнамасына сәйкестендіріліп,  Деркөл тұрғындарының ұсыныс-тілегімен Деркөлге «шағынаудан» мәртебесі берілген болатын. Сәйкесінше, жергілікті әкімдік қысқартылып, «Орал қаласы әкімі аппаратының әкімшілік-аумақтық даму бөлімі» ретінде құрылды. Кейінгі жылдары Деркөл елдімекенінің халқы қарқынды өсті. Қазіргі уақытта Деркөл «Сарыарқа», «Көкжиек», «Үміт» шағынаудандарын қамтиды. Оған қоса елдімекен маңында бірнеше ауыл-саяжай қауымдастықтары бар. Жалпы алғанда тұрғындар саны 20 мыңға жуықтаған.  Халық санының артуына байланысты әлеуметтік сұраныстардың да көбеюі заңды. Кейінгі 1-2 жыл ішінде екі жаңа мектеп, облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат кешені ашылды. Шағынауданға жол салу, елдімекендерге таза ауыз су тарту жұмыстары және тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін оң шешу мақсатында жұмыстар атқарылуда. Дегенмен, тұрғындар әкімдікке қатысты мәселелер қала орталығына – қала әкімдігіне бармай-ақ  жергілікті жерде шешілгенін қалайды. Ол үшін әкімдік ашу қажет, яғни деркөлдіктер елдімекеннің өзінде бұрынғыдай әкімдік болғанын қалайды.   Бұл мәселе бұған дейін өткізілген «Ашық әкімдік» шаралары кезінде бірнеше рет ұсынылған болатын. Бүгінгі «Көкжиек» шағынауданындағы №48 орта мектеп базасында және Деркөл мәдениет үйінде өткен қос кездесуде халық осы мәселені қайта көтеріп, қала әкімінен қолдауды сұрады.

– Деркөл, «Сарыарқа», «Көкжиек» шағынаудандары тұрғындарынан өтініштер түсуде. Әкімдік ашу туралы ұсыныстарыңызды біз қолдаймыз. Әрине оған қосымша штат бөліп, қаржылай қамтамасыз етуіміз қажет. Бұрын әкімдік болғандықтан, барлық инфрақұрылым сақталған, ғимарат, тірек пункті бар. Бүгінде қала аумағындағы Зачаганск, Круглоозерный «кенттік округ», ал Желаев «ауылдық округ» мәртебесіне ие. Сәйкесінше, олардың өз бюджеттері бар. Мәселен, Зачаганск кенті өткен жылды 404 млн. теңге бюджетпен аяқтады. 165 млн.теңгесі – салықтан түскен өз бюджеттері. Оны жергілікті қоғамдастықпен бірлесе кеңесіп, жаяу жүргіншілер жолын абаттандыруға, жаңа қоқыс контейнерлерін алуға және басқа да қажеттіліктеріне жұмсады. Деркөлдің де мәртбесі өзгертіліп, өз әкімдіктері болса, қалалық әкімдіктің қаржы бөлуін күтпей-ақ, аулаларды, саябақты абаттандыру, ойын алаңдарын салу және басқа да күнделікті туындаған мәселелерін өздері шешуге мүмкіндік алады.  Осы ретте Деркөл, Ветелки, Маштаков немесе қала аумағындағы басқа да шағынаудан, ауылдарды басқа ауданға беру туралы желсөзге сенбеулеріңізді сұраймын,  – деді қала әкімі Абат Шыныбеков.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Еститін мемлекет» тұжырымдамасы аясында өткізілген кездесу аясында қоғамдық көліктердің қызметі, жол салу, аулаларды абаттандыру, Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерекесі қарсаңында ескерткіш саябағын жөндеу мәселелеріне байланысты сұрақтар қойылып, өтініштер айтылды.

Айта кетейік, қала әкімінің тұрғындармен кездесулері 29 қаңтарға дейін жалғасады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
361 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
446 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
503 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
515 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
565 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
304 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
788 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
816 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
767 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
718 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
762 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
945 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»