8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қаңтар 2020 1662 0
Өзек

КӘСІПКЕРДІҢ ОТБАСЫН ӨЛТІРГЕНДЕР ӘЛІ АНЫҚТАЛҒАН ЖОҚ

БҚО Бәйтерек ауданында бүтіндей бір отбасын өлтіріп кеткен қылмыскер әлі табылған жоқ. Бұл туралы БҚО ПД мамандары мәлімдеді. Мүрделері өз үйлеріндет табылған Александр Запрометов, оның 65 жастағы әйелі Валентина және 42 жастағы ұлы Сергей бүгін жер қойнына тапсырылды. 

Марқұмдарды ақтық сапарға шағарып салу рәсімі Орал қаласында өтті. Аса зұлымдықпен өлтірілген отбасы мүшелерімен қоштасуға жиналған халық олардың ауылдастары арасында беделді және ешкімнің ала жібін аттамаған адал жандар екенін айтады.

Жантүршігерлік оқиға 14-ші қаңтар күні кешқұрым тіркелген еді. Бүтіндей бір отбасы адам жеке үйдегі өрт сөндіру кезінде пышақталған күйінде табылған. Янайкин ауылдық округінің әкімі Ауған Алмурзиннің айтуынша, бүгінде қылмыстық іске қатысы барларды анықтау шаралары жүргізілуде. Ал марқұмдарды жерлеу рәсімі Самара облысында өтетін көрінеді. Жерлестерінің сөзінше, Александр Запрометов, оның жұбайы Валентина Янайкин ауылында тұрады. Ал 42 жастағы ұлы жуырда Сергей Ресей мемлекетінен ата-анасының үйіне қыдырып келіпті. Аса ауыр қылмыстың жай жапсарын ашуға бүгінде 100-ден аса облыстағы ең таңдаулы және Нұр-Сұлтан қаласынан арнайы маман тартылыпты. Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібеков мәлімдеді. Әзірге күдіктілер туралы ақпарат жоқ.

Запрометовтардың артында Ресейдің Самара қаласында тұратын қызы қалып отыр.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»