8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қаңтар 2020 1948 0
Өзек

6 ТАЛАПКЕР ҰЯЛЫ ТЕЛЕФОНМЕН ҰСТАЛДЫ

        16 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Тестілеу ағымдағы жылдың 16-19 қаңтар аралығында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде, облыстың Қаратөбе, Сырым, Жаңақала, Жәнібек және Қазталов аудандарында өткізіледі.

 

Ұлттық тестілеу орталығының бастамасымен Ұлттық бірыңғай тестілеудің ашықтығы мен объективтілігіне қоғамдық бақылау жүргізу мақсатында ҚР 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалаудың арнайы мониторингтік тобының (АМТ) өкілдері жұмылдырылған.

Тестілеудің алғашқы күні 632 оқушы қатысты. Бақылаушылардың арнайы топтары 60 мобильді құрылғы мен шпаргалкаларды алып өту фактілерінің жолын кесіп, 2 оқушы тестілеуге кіргізу кезінде және 4 тәртіп бұзушы тестілеу залынан мобильді құрылғыларды пайдаланғаны үшін шығарылды.

Айта кетейік, жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін ҰБТ жылына 4 рет өткізіледі (қаңтар, наурыз, маусым және тамыз). Бұл ретте оқуға түсушілер білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін маусым айында өткізілетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет. Жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы өзгеріссіз. Бұл норма жоғары білім алуға қолжетімділікті арттыру мақсатында енгізілді.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»