8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Қаңтар 2020 1948 0
Өзек

КӘСІПКЕРДІҢ ОТБАСЫН ӨЛТІРІП КЕТТІ

Оқиға кеше, 14 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында болған. 

Кешкі сағат 22.40 шамасында өрт сөндірушілер Янайкин ауылындағы жеке үйден шыққан өртті сөндіру кезінде оқиға орнынан пышақталған үш адамның денелерін тапқан. Олар 66 жастағы кәсіпкер Александр Запрометов, оның 65 жастағы әйелі Валентина және 42 жастағы ұлы Сергей болып шықты.

Янайкин ауылдық округінің әкімі Ауған Алмурзиннің айтуынша, Александр Запрометов осы ауылда 20 жылдан аса уақыттан бері тұрды. «Янайкин» кеңшарына басшылық етіп, кейін «Лесное» ЖШС-ын құрған.

– Ауылда орташа дәрежеде тұрып жатқан азамат. Өзім қызметке жуырда келгеннен соң, сырттай танимын. Қоғамдық кеңес мүшесі. Марқұмдарды жерлеуге көмек беріледі,– деді Янайкин ауылдық округінің әкімі Ауған Алмурзин.

Ауылдықтар болса тұрғын үйде өрт шығып оны сөндіруге келгендерін айтады. Алайда, үй иелерінің өлімі туралы хабарды кейін білген.

БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Сүйінбаевтың айтуынша. жеке үйдегі өрт сөндіру кезінде зорлықпен өлтірілген 1953 және 1977 жылғы ер адамдардың, 1954 жылғы әйелдің зорлықпен өлтірілген денелері табылған. Мүрделер сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 99-бабы 2-бөліміне сәйкес (кісі өлтіру) қылмыстық іс қозғалған.

Полицейлер қайғылы оқиғаға куәгерлерді іздестіру және бір отбасын түгелдей өлтірген қаскөйлерді іздестіру шараларын жүргізуде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»