АРДАГЕР-ҰСТАЗДЫ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Бүгін Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет белгісінің» иегері, ардагер-ұстаз Василий Андреевич Баевты 90 жас мерейтойымен құттықтады.

Мерейтой иесіне арналған салтанатты жиын өзі 20 жылға жуық басшылық еткен №7 орта мектепте ұйымдастырылды. Мектеп ұжымы мен әріптестері А.Баевты құрметпен қарсы алып, шоқ гүлдерін ұсынды.
Василий Андреевич 1930 жылдың 14 қаңтарында дүниеге келген. Орта мектепті тәмамдаған соң 1946 жылы Орал педагогикалық институтына түседі. Студент бола жүріп, №4 мектепте көркемөнерпаздар қызметінің, «Землячка» көркемөнерпаздар тобына жетекшілік етеді.
«Математика пәні мұғалімі» мамандығы бойынша диплом алған соң алғашқы педагогикалық еңбек жолын №7 мектепте бастаған. Арада екі жыл өткен соң жолдамамен педагогикалық институтта оқытушы, одан кейін №23 мектепте директор қызметтерін атқарған.
1976 жылы №7 мектеп жаңа ғимаратқа көшірілгенде осы мектепті басқару Василий Андреевичке тапсырылыпты. Осылайша, А.Баев 40 жылдық ғұмырын білім беру саласына арнаған екен. Алайда, зейнетке шыққаннан кейін де ұстаздықтан қол үзбеген. Өзінің айтуынша, күні бүгінге дейін ЖОО-ға түсуге талпынған талапкерлердің дайындығына көмектесіп жүр.
Ардагер-ұстаздың мерейтойына орай ұйымдастырылған шараға Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шавхат Өтемісов, Аманжан Жамалов, Еңбек ардагері Өтебай Құспанов, облыстық білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Марат Даупаев және БҚО білім басқармасының бөлім басшысы Жанна Әбдрахманова қатысып, ізгі-лебіздерін арнады.
№7 орта мектептің өнерлі шәкірттері ардагер-ұстаздың құрметіне концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу