8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қаңтар 2020 1834 0
Өзек

ЗАҢСЫЗ ОЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРҒАН АЗАМАТҚА 1 МЛН. ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

 БҚО Жаңақала ауданы прокуратурасы заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісін  анықтады.

БҚО прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Ахметжанның мәліметінше, Д. есімді азамат Жаңақала ауданында уәкілетті органға тіркелместен ойын бизнесін ұйымдастырған. Бұл заңсыздық  экономикалық тергеу департаменті  жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде расталды. Аудан прокуроры Арман Қабанов қозғалған қылмыстық істің заңдылығына тиісті қадағалау жасап, сотта мемлекеттік айыптауды аға прокурор Жұмабай Ермеков қолдады.

– «Ойын бизнесі туралы» Заңының 8-бабында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға уәкілетті орган лицензия беретіні көрсетілген. Алайда, азамат Д. 2017 жылдың желтоқсаны мен 2019 жылдың наурызы аралығында Жаңақала ауылындағы «Бозбаев» кафесінде заңсыз ойын бизнесін (кено, колесо фортуны, тотализатор және т.б.) ұйымдастырып, 4,9 млн. теңге табыс тапқан. Сондай-ақ бұл іске өзі басшылық жасайтын «Букмекерская контора «Inbet.kz» ЖШС-ның арнайы құрал-жабдықтары, компьютерлік техникаларын және мамандарын пайдаланған, – дейді прокуратура өкілі Бауыржан Ахметжан.

2019 жылғы 13 желтоқсандағы Жаңақала аудандық сотының үкімімен азамат Д. Қылмыстық Кодекстің 307-бабының 2-бөлігінің 3, 4-тармақтарымен (заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) кінәлі деп танылып, оған 1 010 000 теңге айыппұл салынды және мүлкі тәркіленді.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»