САБАҚТА АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс – оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі – ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану. АКТ-ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ-ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары – Интерактивті тақта, Мультимедия, Интернет кеңістігі, Электронды оқулық.

Біздің мектептің математика кабинеттері интерактивті тақта, Віlіmbook-пен қамтамасыз етілген. Математика пән мұғалімдері Турғаналиева Г.Ю., Төлембаева О.Б., Исқазиева Л.Б. үнемі BilimLand-пен жұмыстанады.
BilimLand қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі әмбебаб білім беру платформасы. BilimLand -те математика курсын қолданады. 8-ші, 10-ші, 11- ші сыныптарға алгебрадан, геометриядан толық материал берілген. Курс бөлімдерден, бөлім тақырыптардан тұрады.Интерактивті сабақтар мәтін, жаттығу, видео оқыту материалдаынан тұрады. Жаңа сабақ түсіндіру кезінде BilimLand курс материалын толық қолданады. Сабақтың соңында тест тапсырмалар өткізіп, нәтижесі туралы ақпарат алуға болады. Сабақтын бекіту кезеңінде қалыптастырушы бағалау өткізуге BilimLand тапсырмалары жақсы көмек.Математика пәнінің мұғалімдері BilimLandтен I Test математикалық сауаттылық, ҰБТ ға әзірлік кезінде тесттер қолданады..
Тесттер бөлімдерден, бөлім тақырыптардан тұрады. Әрбір тесттің соңғы бетінде тапсырмалар нәтижесі туралы ақпарат беріледі және қатемен жұмыс жүргізіледі. Қолдану өте ыңғайлы. Аз уақытта көп тапсырма орындауға болады.Геометрия сабағында математика пәнінің мұғалімдері Activstudio программасын үнемі қолданады. Activstudio кітапханасынан геометриялық аспаптар түрлерін қолданады.
Twig бөлімі оқытушы фильмдерден тұрады. Математика бөліміндегі фильмдерді тақырып бойынша сабақта қолданады. Оқушылардың математикаға қызығушылығын ояту мақсатында. . BilimLand баршаға қолжетімді сапалы білім беретін құрал деп айтуға болады.
Информатика сабағында АҚТ құралдары: Интерактивті тақта , проектор, оқушыларға арналған Деребес компьютерлер, электронды оқулықтар, интернет желісі, Scratch, SketchUp, C++, Python программалау бағдарламалары, қолданады. Кенжеғалиева Э.Т. 8 сыныпта информатика сабағында «Ақпаратты электронды кестелерде өндеу» бөлімін бекіту мақсатында «Kohot» бағдарламасында оқышыларға қорытынды тест өткізді, 9-сынып оқушыларына «Деректер базасы» жаңа тақырып түсіндіру мақсатында Bilimland бағдарламасында бейне сабағын көрсетті, 6-сынып оқушыларына «Растрлық және векторлық бейнелерді салыстыру» сабақтын тақырыбын түсіндіру www.youtube.com› watch сайтын қолданды . 3-сынып оқушылары «Компьютер және дыбыстар» тақырыбында еңгізу және шығару құрылғыларын ажырату мақсатында Activstudio программасын пайдаланып флипчартта тапсырманы орындады.
Физика пәнінің мұғалімі Молдагғалиев М.Б. сабақтарында АКТ-ның көп түрлерін қолданады. Соның ішінде Kahoot, Qezlet,Bilimland.kz соның ішінде физикакаға арналған бағдарламаларын, Физика 1.1 версиясы, Stellarium, Энциклопедия по астрономии, Начала Электроники және де AppsLearning сайты, Phcolarodo сайттары, KhanAcademy ютуб каналы. Бұның ішінде мысалы 8 сыныпқа «Жылу құбылыстары» тақырыбында әр түрлі температурадағы суларды араластырғанда алатын теңдеуді тәжірибелік тұрғыда көрсетуге мүмкіндік болмайды сондықтан физика пәнінің мұғалімі виртуалды зертханшы көмегін яғни Bilimland.kz сайтын қолданады. 7 сыныпта «жылдамдық» тақырыбын түсіндіргенде Физика 1.1 версиясы программа көмегімен графиктік анимация көрсетеді . 11 сыныпта «электромагниттік толқындар» тақырыбында осы бағдарлама көп көмегін тигізеді. Формулаларды жаттаттырғанда Kahoot, Qezlet бағдарламаларын қолданады. Физика сабағында яғни 8 сыныпта «Кулон күші» тақырыбын қайталауда. Qezlet бағдарламасын қолданады. Осы бағдарлама үш тілділіктеде қолданады. Терминдарды жаттағанда Kahoot, Qezlet, қолданған тиімді. 10 сынып та қиын тақырыптар келгенде мысалы «Сұйықтардың аққыштығы» тақырыбын түсіндіргенде «KhanAcademy» ютуб каналынан видеороликтер арқылы көрсетеді. Жалпы физика сабағында АКТ ны жие қолданады.
Жаңа АКТ – ны сабақта пайдаланудың тиімділігі көп. Атап айтсақ, оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді, ақыл – ойын дамытады, шығармашылық белсендігін арттырады, ұжымдық іс – әрекетке тәрбиелейді, тіл байлығын жетілдіреді, жан – жақты ізденушілігін арттырады.
Қорыта айтқанда, ақпараттық – коммуникациялық технологияларды сабақта қолдану – бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден- бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе жұмыс жасауға, адами қарым – қатынастарға себепкер болады.
Түйін: Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай- ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс-әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді. Білім беру үрдісінде жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдану мәселесі өзекті мәселелердің қатарынан орын алады.
Ольга Төлембаева, Мерей ЖОББМ математика пәнінің мұғалімі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу