МАС КҮЙДЕ КӨЛІК ЖҮРГІЗГЕНДЕРГЕ ЖАЗА ҚАТАҢ
Қылмыстық Кодекске мас күйде көлік басқара отырып, адамның денсаулығына зиян келтіру немесе өлімге әкелу бойынша жауапкершілік күшейтілген жаңа бап енгізіліп отыр. Бұған дейін кінәлілерді жол қозғалысы ережесін бұзу бойынша жалпы баппен ғана жазалау қарастырылған еді. Енді қылмыс үшін 10 жылға дейін қамауға алу жазасы қолданылатын болады. Қылмыстық Кодекске енгізілген ауыр және аса ауыр қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауапкершілікті қатаңдататын заң ережелері БҚО Полиция департаментінде өткен брифингте түсіндірілді.

БҚО ПД бастығының орынбасары А.Теміржановтың түсіндіруінше, жаңа 345-1-бапта ішімдік ішіп, көлік жүргізгендерге 7 жылға соттау, 10 жылға дейін көлік жүргізуге тыйым салу қарастырылған. Ал бұл жағдай екі не одан көп адамның өліміне әкелетін болса, кінәлі жүргізуші 7-10 жылға сотталып, көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін.
– Мас күйде көлік басқара отырып, орта дәрежедегі адам денсаулығына зиян келтіргендер 1 мың АЕК айыппұл төлейді немесе 10 жылға жүргізуші куәлігінен, 1 жылға дейін бас бостандығынан айырылатын болады. Денеге аса ауыр зиян келтірген жағдайда 3 мың АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 10 жылғы жүргізуші куәлігінен, 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылатын болады. Сондай-ақ жол-көлік апаты жағдайында жәбірленуші қаза болған кезде жүргізуші 10 жылға жүргізуші куәлігінен айырыла отырып, 7 жылға дейін қамауға алынатын болады, ал екі немесе одан да көп адамдардың өлімі үшін жүргізуші құқығынан өмір бойы айырылып, 7 жылдан 10 жылға дейін қамауға алынады, – деді Асхат Төлешұлы.
346-бап бойынша аталған қылмыс қайталанса, оның жазасы қатая түседі. Тәртіп бұзушы бірден көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылады. Яғни жүргізуші куәлігінен айырылғандар мас күйде көлік рөліне отырып оқыс жағдайға жол берсе, қатаң жаза қолданылады. Нақтырақ айтсақ, абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірген жағдайда жүргізушілерге 6 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығын шектеу және өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қолданылады. Ал өлім жағдайына әкелсе, кінәлі жүргізуші 7-9 жыл бас бостандығынан айырылып, өмір бойы көлік рөліне отыру құқынан шектеледі.
Айта кетейік, бұған дейін мұндай қылмыс жағдайында егер адам денсаулығына ауыр зиян келтерсе, 3 мың АЕК айыппұл, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу, 6 жылға дейін белгілі лауазымды атқару және қандай да бір қызметпен айналысу құқығы шектеу, ал өлім жағдайы оры алғанда 5-7 жылға дейін бостандығын шектеу, 7 жылға дейін белгілі лауазымды атқару және қандай да бір қызметпен айналысу құқығы шектеу жазасы қолданылған болатын.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу