8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Қаңтар 2020 1867 0
Өзек

ЕСІРТКІМЕН ҰСТАЛДЫ

Күдікті 8 қаңтар күні Орал қаласы демалыс саябағының аумағында ұсталған. 

Түнгі сағат 1.30-да қызметтік міндеттерін атқарып жүрген  Орал қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторлары күдікті деп танылған азаматты ұстап, тінту жүргізгенде оратылған жасыл түсті ұнтақ зат  және  арнайы иісі бар, жасыл түсті өсімдік тектес затты тапқан. Өсімдік тектес заттарды санай келе, инспекторлар 40 дана қорапшаға салынғанын анықтады. Тәркіленген заттар арнайы сараптамаға жіберілген.

Ұсталған азамат 1979 жылғы еш жерде жұмыс жасамайтын, Орал қаласының тумасы екені анықталып отыр. Бұған дейін де заң алдында жауапты болған. Ол азаматтан ешқайда кетпейтіні туралы қолхат алынған. Бүгінгі күні Абай полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің өндірісінде осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабының 2-бөліміне сай есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу  бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»