8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Желтоқсан 2019 2391 0
Қалалықтар қаперіне

ЖАҢАРТЫЛҒАН УЧАСКЕЛІК ТІРЕК ПУНКТТЕРІ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Оралда күрделі жөндеуден өткен екі жаңа учаскелік тірек пункті қолданысқа берілді.

Қала әкімдігінің қолдауымен қос пункт күрделі жөндеуден өткен жаңа мекенжайға ауыстырылып отыр. №5 учаскелік тірек пунктінің жаңа мекенжайы – Жүнісов көшесі, 118-үй. Ал №11 учаскелік полиция пункті – Мирзоян көшесі, 6/1 мекенжайында орналасқан. Бұл полиция тірек пункті 15 424 тұрғынға қызмет көрсетеді. Пункттің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Алмасбек Ғайсиннің айтуынша, пунктте 4 инспектор қызмет жасайды. Жаңа орын-жай жиһаздармен, бейнебақылау камерасы, компьютермен жабдықталған. №5 учаскелік полиция пункті де бір бөлмелі орыннан кең орын-жайға көшіріліп отыр.

– Біз қызмет көрсететін аймақта 20 567 тұрғын бар. 3-4 білім ошағы, үш жоғары оқу орны, үш сауда орны, 9 жеке мекеме мен 52 дүкен орналасқан. Біздің негізгі қызметіміз – тұрғындарға құқықтық көмек көрсету және азаматтардың шағымдарын қабылдау, қоғамдық тәртіпті қадағалау. Учаскелік аймақ бойынша 15 бейнебақылау камерасы қойылған. Биыл осы бейнебақылау құрылғылары арқылы 67 әкімшілік-құқықбұзушылық анықталып, төрт қылмыс ашылды, – дейді полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі  №5 учаскелік полиция пунктінің аға инспекторы, полиция майоры Рафхат Мұсағалиев.

Орал қаласы бойынша 24 учаскелік полиция пункті бар. Қалалық Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жантемір Иманәлиев атап өткендей, бүгінде олардың 15-і жаңартуды қажет етеді.

– Екі пункт те бұған дейін бір бөлмеде ғана отырды. Әр пунктте 5-6 учаскелік инспектордан болатын болса, олар сол бір бөлмеде келушілердің арыз-шағымдарын қабылдап, сол бөлмеде түсінік жұмыстарын жүргізді. Бұл әрине, жұмыстың өз деңгейінде жүруіне қолайсыздық тудырары анық. Енді міне, қос пункт те бірнеше бөлмелі, кең, жарық орын-жайға көшірілді. Келер жылы қала әкімдігінің қолдауымен тағы төрт учаскелік пунктті күрделі жөндеу, жаңа орынға көшіру жұмысы жүргізілмек, – дейді Орал қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Жантемір Иманәлиев.

Жаңа орын-жайға «құтты болсын» айтып келген аудан тұрғындары, ардагерлер учаскелік инспекторлардың жұмыс жасауына ыңғайлы жағдай жасауға қол ұшын созғаны үшін қала әкіміне алғысын жеткізді.  

 – Учаскелік инспекторлармен тығыз жұмыс жасаймыз. Олар жұмыстарына адал, шақыртуға тез келеді. Аймақ тұрғындарын жақсы таниды. Инспекторларымыз үшін біз қуаныштымыз. Қызмет орнының жайлылығы жұмысқа оң ықпалын тигізері анық. Қандай да бір мәселемен бас тіреп келгенде орынның талапқа сай болғаны бізге де жақсы, – дейді «Көктем» бау-бақша серіктестігінің төрағасы Александр Мирошкин.

Эльмира НҰҒМАНОВА

№11 учаскелік полиция пунктінің жаңа орны

№5 учаскелік полиция пунктінің жаңа орны

 

№5 учаскелік полиция пунктінің бұрынғы орны

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»