8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Желтоқсан 2019 2250 0
Қоғам

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ІСКЕ АСЫРУҒА ҮЛЕС ҚОСҚАНДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау мен бағалауды іске асыру жөніндегі Батыс Қазақстан облысындағы мониторингтік топтың белсенділері мен қоғамда адалдық, әділдік, парасаттылық құндылықтарын насихаттауға үлес қосып жүрген БАҚ өкілдері марапатталды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Шпекбаевтың 2019 жылғы 5 желтоқсандағы бұйрығымен арнайы өңірдегі мониторингтік топтың жетекшісі Айгүл Түркина, «Жайық үні» газетінің тілшісі Эльмира Нұғманова, Aqjaiyq телеарнасының журналисі Дмитрий Кузнецов Құрмет грамотасымен марапатталды.

Арнайы мониторингтік топ мүшелері Әліби Баяхов, Асқар Акишев және «Надежда» газетінің тілшісі Дмитрий Терещенко, «Мой город» ақпараттық порталының тілшісі Арайлым Өсербаева агенттік төрағасының грамотасын иеленді.

Сондай-ақ басқа да белсенді арнайы мониторингтік топтың мүшелері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО департаменті басшысының алғыс хатын алды.

Марапат иелерін департамент басшысының орынбасары Нұрдәулет Сәмет құттықтады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
81 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
116 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
212 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
196 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»