КИІК АТҚАНДАРДАН 10,8 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ӨНДІРІЛДІ
БҚО Жәнібек ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша мемлекет пайдасына 10,8 млн. теңге өндірілді.

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының өкілі Бауыржан Закиұлының хабарлауынша, С.А және Ж.А. азаматтар 2018 жылдың 22 наурызында Мұратсай ауылдық округінің «Әлем» қыстағының маңында «Escudo Bombardier» қаршанасымен қуып жүріп, 3 бас киікті атып өлтіріп, мүйіздерін кесіп алған.
2018 жылғы 20 маусымдағы Жәнібек аудандық сотының үкімімен Қылмыстық Кодекстің 337-бабы (заңсыз аңшылық) және 339-бабы (жануарлардың пайдалануға тыйым салынған түрлері мен олардың бөліктерін немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша С.А. және Ж.А. кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандықтары шектелді. Олардан мемлекет пайдасына 10,8 млн. теңге өндірілетіні туралы үкім шығарылған.
Алайда, сотталғандар осы уақытқа дейін тек 531 мың теңге төлеген.
Атқарушылық құжатты тексеріп, ақпараттық жүйелер арқылы прокурорлар борышкерлердің меншігіндегі жер учаскесі, үй мен автокөліктен басқа 175 ірі қара мал және 55 жылқы бар екендігін анықтады.
Прокуратураның ұсынуы бойынша «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 32, 66-баптарының тәртібінде сот орындаушы мүліктің тізімдемесін жасап, олардың барлығына тыйым салды.
Анықталған мүлікті сауда-саттыққа шығару туралы хабарлама берілгесін борышкерлер қалған соманы толығымен өтеді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу