ҒАЛАМТОР АЛАЯҚТАРЫ АЗАЙМАЙ ТҰР
Бүгінгі күні киберқауіпсіздік күллі әлем үшін аса маңызды мәселеге айналып отыр. Себебі технология қарыштап дамыған сайын хакерлер жеке адамдардың деректеріне ғана емес, ірі компаниялар мен ресми органдардың сайттарына да шабуыл жасай бастады. Бұл ретте Қазақстан да киберқауіпсіздік мәселесіне ерекше назар салуда. Киберқауіпсіздікті нығайту – ел тыныштығын сақтауда аса маңызды. Қорғаныс саласы, еңбек өнімділігі, өндіріс қуаты, үнем мүмкіндіктері киберқауіпсіздікпен тікелей байланысты. Сондықтан, бұл мәселеге алпауыт компаниялармен қатар шағын мекемелер да жіті назар аударуы тиіс. Бұл туралы «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің Сәтпаев атындағы мәжіліс залында «Киберқауіпсіздік әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесінде» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде жан-жақты талқыланды.

Жиынды жүргізген ҚР ІІМ Еңбегі сіңген қызметкері, полиция полковнигі, «ҚазИИТУ» ғылыми-білім кешенінің магистратура бөлімінің жетекшісі, заң ғылымдарының кандидаты Талғат Рахметов Мемлекет басшысы Жолдауында киберқауіпсіздік мәселесіне баса назар аударып, цифрлық технологияларды енгізу барысында ақпараттық қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырғанын, алдағы міндеттер аясында Елбасы киберқауіпсіздік шаралары Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында көрініс табуға тиіс екенін атап өткенін жеткізді. Бүгінгі таңда әлем бойынша отыз мыңнан аса сайттар жұмыс істейді. Елімізде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы бекітілген. Тұжырымдама мемлекеттік органдарды ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, «цифрлы» экономиканы дамыту және өнеркәсіптегі өндірістік процестерді технологиялық жаңғырту перспективалары, ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету аясын кеңейту саласындағы жағдайды бағалауға негізделген. Қазіргі уақытта Қазақстан үкіметі хакерлермен күресті жіті бақылап отырады. Жиында сөз алған ҚазИИТУ университетінің ректоры, профессор Әлиби Баяхов ғаламтор пайдаланушылардың санының көбеюі, онлайн қызметтердің кеңеюі әсіресе, әлеуметтік-экономикалық салада киберқылмыстардың артуына әкелгенін тілге тиек етіп, олармен күрес құқыққорғау органдары мен мемлекеттік қызметкерлерден жоғары кәсіби дайындықты талап ететінін айтты. Жиында БҚО ІТ Ассоциациясы төрағасы Петр Лежников киберқауіпсіздіктің негіздеріне тоқталса, Дубна университетінің профессоры, WIPO Алтын медаль лауреаты Ролан Сұлтанғалиев «Когнитивті-цифрлық экономикадағы тәуекелді басқару» тақырыбында ой өрбітті.
Ғаламтор қосымшалары арқылы қызыққан тауарыңды қолжетімді бағаға сатып алғың келді делік. Алдымен тауар туралы керекті ақпаратты білу үшін алаяқ сатушымен байланысқа шығасың. Алайда алаяқ сізге басқа қалада, облыста тұратынын йтып, алдын ала төлемді немесе тұтастай тауар құнын картасына аударып жіберуін сұрайды. Ақша қаражаты есепшотына түскен соң ол ұялы телефонын дереу өшіреді де, бой тасалайды. Осындай үлгідегі қылмыскердің арбауына түсіп қалмау үшін сауатты болуың қажет. Бұл туралы жиында БҚО бойынша Полиция департаментінің бөлім басшысы Сергей Кибальников тарқатып әңгімеледі. Полиция қызметкерінің айтуынша, абоненттік номерге смс хабарлама арқылы түскен құпия санды тіптен, банк қызметкерімін десе де, ешкімге айтуға болмайды. Еш жанға жеке құжаттарды, банк картасын, есепшотты, әсіресе, картаның артқы жағындағы CVC-кодты бермеуіңіз керек. Ақша аударымын жасамас бұрын нақты сол адаммен сөйлесіп тұрғаныңызға көз жеткізген жөн. Ғаламторда бейтаныс адамнан тауар сатып алуда абай болу қажет. Қыркүйек айында Орал қаласының «С» есімді тұрғыны несие рәсімдеуге көмек көрсету бойынша ғаламтор алаяқтығымен ұсталған. Ал қараша айында тұтқынға алынған «М» есімді азамат пәтер жалдау сылтауымен төрт, «А» есімді азаматша сегіз ғаламтор қылмысын жасаған. Мұндай мысалдар бүгінде өте көп. Аталған тұлғалар қылмысқа тартылып, түрлі мерзімде жазаларын өтеуде екен.
Сондай-ақ дөңгелек үстелде университеттің «Құқықтану» факультетінің магистранты Аида Рау, «Экономика және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Нартау Аманбаев, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының магистранты Алмаз Мұқашев киберқауіпсіздік туралы жан-жақты пікірлерін ортаға салды.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.

Кіру
Пікір үстеу