8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Желтоқсан 2019 1953 0
Өзек

ҚАЛЫҢ ТҰМАН, КӨКТАЙҒАҚ КҮТІЛУДЕ

21 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы аумағында қалың тұман күтілуде. Қатты көктайғақ ықтималдығы бар. Осы орайда, төтеншеліктер қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді. 

Көк тайғақ – қыс кезіндегі құбылыс, әдетте температураның күрт жоғарылап кері төмендеуінен немесе ұзақ атмосфералық қар аралас мұздақ жауындарының нәтижесінде туындайды. Көктайғақ барлық қозғалыс қатысушылары үшін, жаяу жүргіншілер және жүргізушілер үшін де қауіпті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қазіргі уақытта қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді күшейтті.

– Ауа райы туралы ақпаратты тыңдап отырыңыз. Егер де ауа-райы болжамы көктайғаққа немесе көк мұз туралы хабарлама берілсе, алыс жолдарға сапарды кейінге қалдырған дұрыс. Себебі көктайғақтың әсерінен автокөліктердің жолдан шығып кету немесе апатқа ұшырау оқиғалары жиі кездесіп тұрады. Көктайғақ кезде сыртқа шығарда өкшесі биік емес, табаны қалың және  бұдырлы аяқ киім киген жөн. Абайлап, асықпай, барлық табанға басып жүру керек. Бұл ретте аяқты аздап босаң ұстап, қол бос болу керек. Кәрі адамдарға резеңке ұшы бар таяқты немесе үшкір басы бар арнайы таяқты пайдалану ұсынылады.Егер аяқ тайып кетсе, құлау биіктігін төмендету үшін отыра қалған жөн. Құлаған сәтте жиналуға тырысып, жерге домалап, соққыны төмендету керек. Көктайғақ көбіне мұзданумен ілесе жүреді. Бұл жағдайда электр өту желісіне, электр көліктерінің байланыс топтарына ерекше назар аудару қажет. Үзілген сымды көрсеңіз, бұл туралы елді мекен әкімшілігіне немесе ТЖ қызметіне хабарлаңыз,  – дейді Ақжайық ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің  инженері азаматтық қорғау лейтенанты Е.Кенжеғали.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»