8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Желтоқсан 2019 2241 0
Қоғам

ХАДИША ТЕАТРЫНЫҢ ДЫБЫС РЕЖИССЕРІ 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕНІ ҚАНЖЫҒАЛАДЫ

 2018-2019 жылдардағы театр маусымының қорытындысы бойынша «Сахнагер-2019» ұлттық театр сыйлығының иегерлері анықталды. Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының әртістері бірнеше аталым бойынша ұлттық сыйлықты иеленді.

17 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан театрлар ассоциациясының ұйымдастыруымен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Жастар театрының ғимаратында салтанатты марапаттау шарасы өтіп, «Сахнагер» сыйлығы мен арнайы кубогы 18 үздік маманға берілді.

4 сахна шебері «Театр өнерінің дамуына қосқан ерекше үлесі үшін» номинациясымен марапатталды. Олардың қатарында Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Парасат» орденінің иегері Сердеш Қажымұратов бар. Театрдың дыбыс режиссері, «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері Ержан Қажымов «Ең үздік дыбыс режиссёрі» (1 миллион теңге) атанды. Театрдың жас әртісі,  «Өнер саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Наргиз Шадыева «Үміт» сыйлығын (150 мың теңге) иеленді.

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»