8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Желтоқсан 2019 3548 0
Жалын

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ДУМАН

Бүгін Салтанат сарайында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін қала әкімінің шыршасы ұйымдастырылды. Мерекеге шаһар басшысы Абат Шыныбеков қатысып, балғындарға ақ тілегін арнады.

Думанды шараға келген бүлдіршіндерді ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Оларға тәттілер дастарханы жайылды. «Балапан» телеарнасындағы мультфильм кейіпкерлері – Әли мен Айя, Диснейленд әлемінен келген Аврора ханшайым, Симба, Пумба мен Тимон шырша тойына ортақтасып, балаларды ертегі әлеміне саяхат жасатты. Түрлі мерекелік костюммен шырша жанынан табылған өрендер өнер көрсетіп, Аяз ата мен Ақшақардан сыйлық алды. Қаламыздағы жас өнерпаздар достарына арнап, ән шырқап, би де биледі. Қала басшысы балалармен бірге шырша шамын жағып, жаңажылдық құттықтау лебізін жеткізді.

– Санаулы күндерден соң, есігімізден жаңа 2020 жыл енбек. Жаңа жыл –баршамыздың, әсіресе бүлдіршіндердің асыға күтетін мейрамы. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген шырша мерекесін биыл ерекше күтімдегі балғындардан бастауды жөн көрдік. Мерекелік бағдарлама, балаларға арналған сыйлықтар көңілдерінен шығады деген үміттеміз. Өткен жыл еліміз, өңіріміз үшін жағымды жаңалықтарға толы болды. Келер жылдан да баршамыздың үмітіміз мол. 2020 жылы ойға алған  арман-мақсаттарыңыз орындалар жыл болсын. Балғындарымыз қиындықтарға мойымай, болашақта өмірден өз орындарын табуын тілеймін, – деді Абат Абайұлы.

Мерекелік шыршаға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қамқорлығындағы 120 бала қатысты. Солардың бірі –  12 жасар Арсен. Анасының айтуынша, Арсенге қойылған диагноз – церебральды сал ауруының гиперкинетикалық формасы. Үш жасынан бастап күндізгі жартылай стационарда ем алады.

– Ұл-қыздарымыз әрдайым назарда. Стационар жаттығу жабдықтарымен қамтылған.  Мамандар да балаларымыздың жағдайын жасауға атсалысып жүреді. Сол жерден балам өздеріне достар тапты. Қазір тоғызқұмалақ ойнап жүр, – деген анасы Аэлита Жумиева балаларға арнайы мереке ұйымдастырған қала әкімдігіне алғысын білдірді.

Қалалық жұмыспен қамту және әлдеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айгүл Негимованың мәліметінше, шаһарымызда мүмкіндігі шектеулі 1269 бала бар. Олардың 112-сі 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер.

– Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін бюджеттен 1 млрд. теңге шамасында қаржы қаралған. Балалардың дамуы үшін бөлім тарапынан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Психоневрологиялық, хромосомалық ауытқуы бар және арбада отыратын, көз жанарынан мүгедектігі бар балаларды қала ішінде инватакси тасымалдайды. Бөлім тарапынан компенсаторлық заттар беріліп орды ортаға бейімдеу мақсатында жыл бойы түрлі шаралар өтікізіледі. Оған бүлдіршіндеріміз де ата-аналар да белсенді қатысып келеді, – дейді Айгүл Негимова.

Түрлі мерекелік костюммен шырша жанынан табылған өрендер өнер көрсетіп, Аяз ата мен Ақшақардан сыйлық алды. Қаламыздағы жас өнерпаздар достарына арнап, ән шырқап, би де биледі. Шара соңында балаларға сыйлықтар таратылды.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
511 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
783 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»