8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Желтоқсан 2019 1912 0
Өзек

ЕКІ АДАМ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫНАН КӨЗ ЖҰМДЫ

Бүгін, 18 желтоқсан күні сағат 9.40 шамасында  «Бөрлі-Ақсай» автожолы бойындағы Пугачев ауылы маңында жол-көлік оқиғасы орын алып, екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

 

 «ВАЗ-21102» автокөлігінің жүргізушісі, 1996 жылғы азамат қашықтықты сақтамай, алдында келе жатқан 1964 жылғы жүргізушінің басқаруындағы «Лада Ларгус» маркілі автокөлігін артынан түйген. Салдарынан ол қарсы жолға шығып кетіп, 1977 жылғы азамат жүргізіп келе жатқан «Форд-Галакси» автокөлігіне соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасынан «Форд-Галакси» автокөлігінде болған 1938 және 1965 жылғы екі жолаушы көз жұмды.

Төрт жолаушы Ақсай қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілген.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі осы фактіге байланысты ҚК 345-бабы 4-тармағына сай сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын хабарлады.

Ауа-райының құбылуына байланысты облыс аумағындағы автожолдарда жол-көлік оқиғалары жиі орын алуда. Осы орайда полицейлер ауа-райының бұзылуы кезінде барынша қауіпсіздік ережелерін, әсіресе жылдамдық және қашықтық режимін сақтауды, жолда  қойылған жол белгілерін орындауды ескертеді. Кенет бұрылыстар жасау, қыс мезгілінде тозығы жеткен немесе жазғы дөңгелектермен жүру аса қауіпті.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
109 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
165 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
229 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
263 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
308 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»