МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ИЕЛЕРІН ТАПТЫ
Бүгін облыс әкімдігінің «Ақжайық» залында өткен Тәуелсіздік күніне арналған жиында Елбасы Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сол марапаттарды өңір басшысы Ғали Есқалиев салтанатты түрде иелеріне табыстады.

– Баршаңызды отандастарымыз үшін ең қастерлі мереке саналатын Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тірлігі жарасқан, бірлігі бағын ашқан еліміз қазақ халқында «Ынтымағы берік елдің ырысы мол» деген даналық сөз бар. Бірлігіміздің арқасында қазақ елінің аты төрткүл дүниеге таралып, көкбайрағы көкте желбіреді. Тәуелсіздігіміздің нәтижесінде тұғырымызды тауып, рухани-мәдени байлығымызды түгендедік. Елбасымыздың «қазақ баласының бір-бірінен артық кемі жоқ» деген әдемі сөзі бар. Отанымыздың дамуына Қазақстанның барлық ұлыстары өз үлесін қосты. Соның ішінде Батыс Қазақстан облысы жұртшылығы тәуелсіздік жолында ерен күшпен еңбек етті. Сонау 1991 жылдан бері өңіріміз өркендеді. Экономикамыз біртіндеп дамып, халқымыздың әл-ауқаты артты. Рухани-мәдени жетістіктерге қол жеткіздік. Ұмыт қалған мұрамыз қайта жаңғырды. Осының барлығы ел бірлігінің, ел азаматтарының еңбекқорлығының, отандастарымыздың болашаққа деген нық сенімінің арқасы деп білемін. Табан астындағы топырақтың қадірін білмей, кең байтақ Отанды сүю мүмкін емес. Өңірге, қала берді Отанымызға жасаған еңбектеріңіз еселеніп қайтсын, – деді облыс басшысы Ғали Нәжімеденұлы.
Бұл күні Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі Сердеш Қажымұратов «Парасат» орденіне, «АсанАул» ЖШС директоры Бейбіт Асанов, «Жайық Ет» ЖШС бас директоры Темірғали Ескендіров, облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Тәжмұқанов «Құрмет» орденіне, Қазталов ауданындағы «Дорремсервис» ЖШС-ның тракторшы-машинисі Ахат Мұханбеткереев, Жаңақала ауданындағы «Бірлік мал зауыты» ЖШС аға шопаны Қойшыбай Сапаров, Теректідегі «Прогресс» шаруа қожалығының комбайншысы Александр Челик ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденіне ие болды. Сондай-ақ бірқатар азаматтар «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдерімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, ҚР Президентінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты шара түстен кейін Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында концерттік бағдарламаға жалғасты.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты

Кіру
Пікір үстеу