ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚПЕН ҰСТАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕР ПОЛИЦИЯ ПУНКТТЕРІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
«Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ПБ-на және учаскелік полиция пункттеріне жалпы 60 жасөспірім жеткізілді. Оның 50 әр түрлі құқық бұзушылықтар жасағандары үшін, екеуі қоғамдық орындарда қайыр сұрап жүрген жасөспірімдер.

2019 жылдың желтоқсан айының 3 күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Е.З.Тұрғымбаевтың бейнеселекторлық кеңесінде берілген нұсқауын орындау мақсатында, жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сатуды, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз көңіл көтеру мекемелерінде болуын анықтау, сондай-ақ олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында 2019 жылдың желтоқсан айының 4 мен 8 күндері аралығында Орал қаласы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – қадағалаусыз жүрген оның ішінде қайыршылықпен айналасатын балаларды анықтау, негізсіз себептермен мектепке бармай жүрген баллаларды анықтау мақсатында қоғамдық орындарда, компьютерлік клубтарда рейдттер ұйымдастыру, түнгі мезгілде заңды тұлғалардың қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде жүрген кәмелетке толмағандарды анықтап, мекеме иелеріне және ата-аналарына әкімшілік шаралар қолдану, шаншып кескіш заттар, есірткі құралдары мен психотроптық заттар ұстап жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау болып табылды.
Жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сатуды, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз көңіл көтеру мекемелерінде болуын анықтау мақсатында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының сонымен қатар, полицияның қоғамдық көмекшілерінің қатысуларымен кәмелетке толмағандардың жаппай жиналатын орындарын тексеру рейдтері ұйымдастырылды.
Аталған мерзім аралығында Қазақстан Республикасының ӘҚБК-нің 127-бабы бойынша балаларына өз балаларына қатысты нақты тәрбие бермей, ата-аналық құқықтарын дұрыс атқармағандарға қатысты 6 құқық бұзушылық, түнгі мезгілде кәмелетке толмағандардың ойын сауық орталықтарында болу дерегі бойынша ҚР ӘҚБК-нің 132-бабымен 3 құқық бұзушылық, ҚР ӘҚБК-нің 442-бабы 1 бөлімімен 4 құқық бұзушылық, жасы кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату фактісі бойынша 1 құқық бұзушылық, Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу дерегі бойынша ЖПШ кезінде 2 құқық бұзушылық, кәмелетке толмаған адам жасаған құқық бұзушылық дерегі бойынша 1 құқық бұзушылық, тыныштықты бұзу құқықбузушылығы бойынша шара кезінде 1 дерек, жекелеген қоғамдық орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзу дерегі негізінде 1 құқық бұзушылық, түнгі мезгілде қоғамдық орында заңды тұлғасыз жүргені үшін, яғни Қазақстан Республикасы ӘҚБК-нің 442-бабы 2-бөлімі бойынша 29 құқық бұзушылық анықталды. Шара кезінде профилактикалық есепке 6 жасөспірім, 1 өнегесі төмен отбасы және жекелеген есепке 3 кәмелетке толмаған бала алынды.
Шара барысында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қала аумағындағы жалпы білім беретін оқу орындарында оқушыларға және ата-аналар үшін жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сату, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз көңіл көтеру мекемелерінде болулары туралы баянаттар оқылып, дөңгелек үстел мен әр түрлі семинарлар өткізілген болатын.
Орал қ. ПБ ювеналдық полиция бөлімшесі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу