ТЕГІН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТ ҮШІН АҚЫ АЛҒАН
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының сақталуын бақылауға алатын уәкілетті мемлекеттік орган. Осы орайда департаменттің «Орал қалалық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын, заңнамаға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізген жоспардан тыс тексеріс қорытындысында «Ветеринариялық анықтамалар беру»мемлекеттік қызметінің ақылы көрсетіліп отырғандығын анықтады.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Б.Ибрашевтың мәліметінше, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 7-1/418 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес «Ветеринариялық анықтамалар беру» мемлекеттік қызметі жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі. Алайда, ветеринариялық станция директоры мен ветеринария бөлімі басшысы келісімді түрде заңда көрсетілген талаптарды бұза отырып, ветеринариялық анықтаманың бланкісі үшін жеке тұлғаларға 200 теңге, заңды тұлғаларға 250 теңге мөлшерінде ақы тағайындаған. Жыл басынан бері 2000-ға жуық ветеринариялық анықтама беріліп, заңсыз ақы алынғаны белгілі болды.
Осыған байланысты Департамент анықталған бұзушылықтарды жою және қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша шараларды қабылдау туралы нұсқама жолдады. Сонымен қатар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнама талаптарын сақтамағаны үшін Орал қаласы ветеринария бөлімінің басшысы сөгіс түріндегі тәртіптік жазаға тартылса, ветеринарлық станциясының директорына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 465-бабы 2-бөліміне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, 37 875 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті осындай тегін көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ақылы қызмет көрсетілуі орын алған жағдайда департаменттің 8(7112) 50-41-18, 51-01-94 телефон нөмірлеріне хабарлауға болатынын ескертеді.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу