ҚР ҰЛТТЫҚ ИНЖЕНЕРЛІК АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ САРАЛАНДЫ
2019 жылдың 15 қарашасында Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының (ҚР ҰИА) жалпы жиналысының сессиясы өтті.

Жиналысқа ҚР білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі А.Пірімқұлов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы М.Оразаев, ҚР Парламент депутаттары, көрнекті инженерлер мен ғалымдар, өндіріс мамандары, мемлекеттік басқару органдарының, ірі ұлттық компаниялар мен ұйымдардың басшылары мен өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан ҚР ҰИА Президенті Бақытжан Жұмағұлов соңғы уақытта ел ішінде орын алған өзгерістер мен жаңалықтарға тоқталып, болашақ міндеттерді атап өтті. ҚР ҰИА-ның 2018-2019 жылдары атқарғылған жұмыстарын қорытындылап, қазіргі таңдағы ғылым нәтижесін іске асырудың, оны өндіріспен, бизнеспен тиімді ықпалдастырудың, нарықтың болашақ технологиялық талаптарын қанағаттандыру принципінде жаңа деңгейге көшудің міндеттеріне тоқталды. Мысал ретінде жоғары оқу орындарының ішінен Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің игі жұмыстарын атап айтты.
Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Бақытжан Жұмағұлов, Нәдір Надиров, Абылхайыр Абжалиге «Мұнай шикізатының төмен температуралы вакуумдық-толқындық гидроконверсиясы құбылысы» атты ғылыми жаңалық ашқаны үшін Ғылыми жаңалықтар мен өнертабыстар авторларының Халықаралық академиясының дипломдарын табыс етті. Мұнай өңдеу саласындағы қазақстандық ғалымдардың бұл ғылыми жаңалығы жоғары сапалы отын өндіруді бірнеше есе арзандатып, өнімнің шығуын бастапқы массадан орта есеппен төрт пайызға жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Жарыссөзде жобалармен айналысқан ғалымдардың, кәсіпорындар басшыларының баяндамалары тыңдалды. ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов негізгі баяндамашының және жарыссөзге шыққан ғалымдар мен инженерлердің баяндамасында көтерілген мәселелерге тоқталды. ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының жалпы жиналысының Қаулысы талқыланып, қабылданды. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – ҚР ҰИА вице-президентін, академияның толық мүшелерін және корреспоендент-мүшелерін сайлау өтті. Жасырын дауыс беру нәтижелеріне орай, ҚР ҰИА вице-президенті болып Н.Темірбеков сайланды. «Интеграция» халықаралық қорының Басқарма төрағасы Сергей Терещенко ҚР ҰИА Құрметті академигі» атағына ие болды. Сонымен қатар, ҚР ҰИА Конкурстық коммиссия төрағасы А.Құлыбаев академия құрамына сайланған жаңа төрт толық мүшелерін (академиктерді), 22 корресподент-мүшесін жариялады. ҚР ҰИА вице-президенті Т.Досмұхамбетовтың басшылығымен ҚР ҰИА «Инновациялық технологиялар және агроөнеркәсіп кешені» атты жаңа бөлімше ашылғаны мәлім болды. Нұрлан Темірбеков, Бағдат Телтаев ҚР ҰИА тізіміне енгізілді.
Сондай-ақ, «KAZENERGY» қауымдастығы Төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин ҚР ҰИА Президенті, академик Б.Жұмағұловты, ҚР ҰИА конкурстык комиссия төрағасы, академик А.Құлыбаевты, ҚР ҰИА бірінші вице-президенті, академик Н.Надировты «Қазақстанның мұнайына 120 жыл» медалімен марапаттады. ҚР ҰИА Президенті Б.Жұмағұлов ҚазҰАУ ректоры, академик Тілектес Есполовқа «Инженерлік даңқ», ҚР ҰИА Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының төрағасы Жұмахан Мырхалықовқа «Қазақстанның құрметті инженері» медальдерін табыстады Батыс Қазақстан облысынан «Жайықжылуқуат» АҚ бас директоры Қуат Мусин ҚР ҰИА кореспендент мүшесі болып сайланды. 300-ге жуық адам қатысқан жиын соңында ҚР ҰИА Президенті Б.Жұмағұлов барлық қатысушыларға табыс тіледі.
ҚР ҰИА баспасөз орталығы

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу