8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қараша 2019 3350 0
Өзек

БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ПОЛИЦИЯ ҚАҒЫП КЕТКЕН ҚЫЗ БАЛАНЫҢ ТУЫСТАРЫНАН КЕШІРІМ СҰРАДЫ

БҚО Полиция департаментінің бастығы Орал қаласында полицей қағып кеткен қыз баланың туыстарынан кешірім сұрады.

 

– Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полиция қызметкерінің мұндайға жол беруіне болмайды, әрі қызмет кезінде бұл әрекеті жөнсіз. Осыған орай, тәртіптік кеңес шешімімен оқиғаға себепші болған қызметкер қызметтік тәртіпті қатал бұзғаны үшін ішкі істер органынан шығарылды. Сондай-ақ оның тікелей командирі мен бастығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Мен өз қарауымдағы қызметкерімнің әрекеті үшін Лариса Бейісованың туыстары мен жақындарынан кешірім сұраймын. Өз тарапымыздан барлық көмекті көрсететін боламыз және Ларисаның тезірек сауығуын тіейміз, – деді БҚО Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Махсудхан Аблазимов.

Айта кетейік, кеше, 18 қараша күні кешкі сағат 22.30-да Орал қаласындағы Жәңгір хан мен Брусиловский көшелерінің қиылысында полиция аға лейтенанты, Ринат Баймұқашев қызметтік көлігімен 1998 жылғы  жүргіншіні қағып кеткен болатын.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қыз бала түрлі деңгейдегі жарақат алып, қалалық көпбейінді аурухананың травматология бөлімшесіне жатқызылды.

Қазіргі кезде Р.Баймұқашевқа қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі жол ережесін бұзу ісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»