8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қараша 2019 1546 0
Қоғам

БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

             Жақында облыс әкімінің орынбасары, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының кураторы С.Егізбаевтың төрағалығымен білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өтті.

Кеңеске аудан әкімдері, аудандық білім беру бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары және ведомствоға бағынысты ұйымдар басшылары бейне-конференц байланысы арқылы қатысты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Н.Самет қатысушылардың назарын есепшілердің мекеме басшыларының электрондық-цифрлық қолтаңбаларын (бұдан әрі – ЭЦҚ) пайдаланудың жиілеп кеткеніне назар аударды, бұл туралы бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеу тәжірибесі растап отыр. Сонымен қатар, ол бұған ауылдық округтерде интернеттің болмауы, басшыларда ЭЦҚ пайдалану дағдыларының болмауы және мекеменің қаржы-шаруашылық қызметімен айналысқысы келмейтіні себеп екенін атап өтті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауларды сапалы жүргізу, ауылдық округтерді интернетпен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жандандыру және басшы құрамның компьютерлік сауаттылығын арттыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігі атап өтілді. Облыс прокурорының көмекшісі А.Тлеубаев облыстағы осы саладағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы таныстырды. Осындай іс-шараны ай сайын өткізу жоспарлануда.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»