8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қараша 2019 1823 0
Өзек

ДЖИППЕН КӨШЕДЕ ТАЙРАҢДАП…

Әйелімен ажырасқан ер адам Орал көшелерінде 30-дан аса джиппен тайраңдап жүрген. Белгілі болғандай, ол Шығыс Қазақстан облысы Аягөз қаласынан Оралға келіпті.

Оралда ер адам әйелімен ажырасқанын кортеж жалдап, атап өткен. 11 қараша күні ол Оралда тұратын бұрынғы зайыбына келген. Бұған дейін олар ажырасып, өз иеліктеріндегі пәтерін сатып, оның қаржысын бөліп алған. Осы қаржыдан аталған азамат алғашқы күні 5 автокөлік жалдап жүрген. Ертеңінде 30-ға жуық джипті жалға алып, саунаға атап өтуге барған жерінен ер адамды полиция қолға түсіреді. Шаһарда көліктерді бір сағатқа жалға алу құны шамамен 15-20 мың теңге шамасында көрінеді. Қымбат көліктердің арасында Toyota Land Cruiser Prado, Gelandewagen, Lexus бар.

БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Болатбек Белгібековтың айтуынша, оқиға 16 қараша күні болған.

– Материалдар жинақтау барысында, аталған кортежді ШҚО тумасы 1985 ж.т. «С» есімді азамат ұйымдастырғаны анықталды. Осы азаматтан жауап алу кезінде, ол өзінің 11 қарашада Орал қаласында тұратын жолдасына келгенін айтқан. Қалаға келген күні ол 5 автокөлікті жалдап жүрген, одан кейінгі күндері олардың санын 20-ға дейін жеткізген. Барлық автокөліктер мән-жайды анықтау үшін Орал қаласының полиция басқармасына жеткізілген болатын. Оларды тексергеннен кейін («LINCOLN» автокөлігі арнайы тұраққа қойылып, жүргізушісіне қатысты тиісті құжаттарынсыз басқарғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды) барлығы дерлік жіберілді, – деді Б.Белгібеков.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
72 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
110 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
204 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
411 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»