8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Қараша 2019 1805 0
Қоғам

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ

       Қарашаның 22-сі күні сағат 17.00-де Қазақстанның барлық қалаларында  «Халық заңгері» атты жалпы ұлттық науқан  басталады.

Біздің мақсатымыз – халықтың құқықтық сауатын арттыру. Кез келген азамат келіп, заңгерлік қоғамдастықтың үздік өкілдерінен қажетті кеңестер ала алады. Олардың қатарында танымал заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әділет қызметкерлері, көші-қон полициясы, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімдерінің өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары бар.

Науқанды ұйымдастырушылар – «zakon.kz» интернет-басылымы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Параграф» ақпараттық жүйесі және Батыс Қазақстан облысы әкімдігі. Сонымен қатар бұл науқанды Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары қолдады. Осы жылдар ішінде «Халық заңгері» науқаны қарапайым Қазақстандықтар үшін дәстүрлі және сүйікті жобаға айналды.

Науқан Орал қаласында Қадыр Мырза Әлі атындағы шағын ауданы, 18-үй, Оқушылар және жастар сарайында өтеді.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
97 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
338 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
330 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»