ОРАЛДА ТАҒЫ БІР АЗАМАТ КӨПІРДЕН СЕКІРМЕК БОЛДЫ
Оралдық өрт сөндіруші көпірден секірмек болған азаматты құтқарды.

Оқиға 10 қарашада таңғы сағат 4.00 шамасында «Депо» көпірінде болған. Бұл уақытта №7 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері, азаматтық қорғау кіші сержанты Дияс Демешев осы жерден таксимен өтіп бара жатып, көпірдің қоршауынан жартылай асып тұрған азаматты байқайды. Көлікте Диястың жұбайы және достары болған. Дияс жүргізушіден дереу көлікті тоқтатуды сұрап, секірмекке оқталып тұрған ер азаматты өзіне тартып, алып шыққан.
Есінен танып қалған азаматқа жедел жәрдем көлігінің қызметкерлері көмек көрсеткен. Одан кейін оның кім екенін анықтау үшін полиция қызметкерлеріне тапсырылыпты.
– Диястың адамды құтқарғаны туралы ешкім білмес еді. Арада екі күн өткенде оның таныстары бізге келіп болған оқиғаны баяндап берді, – дейді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметкері Жәдігер Құсайынов.
Бұған дейін 20 жасар қыздың көпірден секірмек болғанын жазған болатынбыз.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу