ҚАЛА КӨРКІНЕ НҰҚСАН КЕЛТІРГЕНДЕРМЕН ЖҰМЫС КҮШЕЙЕДІ
Қаланы абаттандыру мәселелері бойынша облыс әкімінің тапсырмасына сай құрылған 20 мониторинг топ шаһар келбетінің көркіне нұқсан келтірушілермен түсінік жұмыстарын жалғастыруда.

Бүгін қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай бастаған топ мүшелері учаскелік инспекторамен бірге облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы ауданы бойынша Свердлов, Чуйков көшелеріне барлау жүргізді. Құм, тас сынды құрылыс материалдарын немесе тұрмыстық қалдықтарды көше бойына қалдырғандар топ назарына ілігіп, үй иелеріне белгілі мерзімге дейін тазалау және үй маңын абаттандыру жөнінде ескерту жасалды. Мәселен, Чуйков көшесінде жолға таяу шығарылған қалдықтар мен бұзылған жемістер жатыр. Бұл қалдықтарды шығарған осы көшедегі №20 үйдің егесі екені анықталды. Үй иесі Игорьдың айтуынша, қоқыс жинаушыларға осы жерден тиеп жіберуді әдетке айналдырған екен. Дегенмен, монторинг топ өкілдерінің ескертуінің орынды екенін түсінген ол сол күні-ақ қалдықтарды тазалауға уәде берді.
– Мониторингтік топтың екі аптадағы жұмысы барысында 1 500-ден астам ескерту берілді. Үй иелеріне жеке тұрғын үй секторларының, көпқабатты тұрғын үй аулаларының маңын күл-қоқыстан, қалдық құрылыс материалдарынан тазартуға қатысты қысқа және орташа мерзімді ескертулер жасалуда. Сондай-ақ қазір 20 аумақ бойынша жиналған мәселелерді бағыт бойынша бөліп, талапқа сай абаттандыру үшін әр коммуналдық мекемеге жұмыстар жүктеп отырмыз. Бұлар – тротуар салу, жарықтандыру және басқа да күрделі жөндеуді қажет ететін жұмыстар, – дейді қала әкімінің орынбасары Мирас Рүстемұлы.
Мониторинг топ өкілдерінің бақылау жүргізуі кезінде Восточный көшесінде бірнеше күннен бері істен шығып, иесіз тұрған көлік арнайы эвакуатор көлігіне тиеліп, айып тұрағына жөнелтілді. Орал қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының взвод командирі, полиция лейтенанты Нұржан Гумировтың мәліметінше, екі апта ішінде қала ішінде 12 жерден дәл осындай ұзақ уақыттан бері тұрып қалған ескі көліктер анықталған.
– Иесіз қалған көліктер арнайы автотұраққа қойылып, тиісті шаралар қолданылатын болады. Егер көлік иесі ҚР әкімшілік құқықбұзушылық кодексінде белгілінген заңнаманы бұзған болса, тиісті әкімшілік айыппұлдар толтырылады. Сонымен қатар бұған дейін бұл көліктің қатысуымен болған заңбұзушылықтар тексеріліп, айыппұлдар толық өтелгеннен кейін ғана көлік иесіне қайтарылады, – дейді полиция лейтенанты Нұржан Ғарифоллаұлы.
Депутаттар, қалалық құрылымдық бөлім басшылары мен еріктілерден құралған мониторингтік топтардың жұмысы өздеріне бекітілген аумақ бойынша жалғасатын болады. Ескертуді ескермегендер қала көркін бүлдіріп, абаттандыру ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалайтын болады.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ




Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Кіру
Пікір үстеу