8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Қараша 2019 2133 0
Өзек

ҚАЙЫРШЫЛЫҚТЫ КӘСІП ҚЫЛҒАНДАР ТЕКСЕРІЛУДЕ

Бүгін оралдағы «Орталық базар»  аумағы тексерілді.

 

9-16 қараша аралығында республика аумағында  «Қайыршылық»  атты жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. 12 қарашада Орал қ.ПБ және Абай ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің басшылығы мен инспекторлары бірлесіп, рейдке шықты. Бұл күні  мектеп инспекторлары қала орталығындағы «Орталық базар» аумағын, «Театральный», «Азиза»,  «Акбар», «Орал парк»  сауда үйі маңайларын  бір сүзіп өтті. Бұндағы мақсат қайыршылықты кәсіп қылып қол жайған тұлғаларды анықтау, жасөспірімдерді табу еді. Кешенді тексеріс барысында қол жайған 2 тұлға анықталып, инспекторлар түсінік жұмыстарын жүргізді. 9-11 қараша аралығында  Орал қ.ПБ ЖПҚб ювеналды полиция тобында тіркелген мәліметтерге сүйенсек, 8 базар, 2 көше жолының жүру бөлігі, 1 әуежай, 1 автобекет, 5 сауда үйі тексерілді. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 449 бабына сай 44 жасөспірімнің қол жайып, қайыр сұрағаны анықталды. Осы кодекстің 127-бабына сай, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 4 заңды тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.

Кешенді тексерістер қаланың әр ықшам ауданында  жалғасады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
70 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
106 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
202 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
186 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
409 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»