8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Қараша 2019 3464 0
Қоғам

МУЗЕЙДЕ ПРОКУРОРЛАРҒА АРНАЛҒАН БҰРЫШ АШЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облысы Қазталов аудандық тарихи-өлкетану мұражайында осы өңірде дүниеге келген прокуратура органдарының қызметкерлеріне арналған бұрыш ашылды.

Шараға облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев, прокуратура органдарының ардагерлері Жеңіс Қапезов, Ғинаят Салықов, Бақытжан Сарбасов және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Осы бұрышта өткеннен сыр шертетін естелік суреттер, өмірбаяндар, құнды құжаттар және Мұқатып Әжхановтың бюсті орнатылған.

Мұқатып Әжханов 1943 жылы Қазталов орта мектебін бітірген соң, майданға аттанған. Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін 38 жыл прокуратура органдарында, атап айтсақ Жәнібек, Чапаев аудандарының прокуроры, ал 1971-1978 жылдары Орал облысы прокурорының қызметін атқарған. Жұмыстағы жетістіктері және заңдылықты нығайту ісіне қосқан жеке үлесі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Мұқатып Әжхановқа 3-ші сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісінің шені берілген.

Шарада Қазталов ауданынан шыққан прокуратура қызметкерлері Ғинаят Салықов, Тілепберген Әділов, Абжай Садиев, Исқали Мұқанов, Жағылтай Искиндировалардың еңбектері мен заң саласына қосқан үлестері мақтанышпен айтылды. Прокуратура ардагерлерінің ерен еңбектері жөнінде кең ауқымды фактілер, материалдар мен экспонаттар жиналған.

«Ер есімі ел есінде» деп халқымыз айтқандай, біздің мақсатымыз батырларымыздың ерлігін, өлкеміздің тарихи, мәдени құндылықтарын көзіміздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа жеткізу.

 

 

Бауыржан Ахметжан, БҚО прокуратурасының ресми өкілі 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»