8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қараша 2019 1948 0
Өзек

ЗАМАНДАСЫН ТОНАҒАН ҚЫЗ БАЛА СОТТА ЖАУАП БЕРМЕК

БҚО Полиция департаменті полицияға телефонын ұрлатқан 22 жасар Бәйтерек ауданының тұрғыны шағым түсіргенін хабарлады.

 

Шағымданушының мәлімдеуінше, белгісіз қыз бала үйдің кіреберісінде ашық түрде оның телефонын алып кеткен. Жедел-іздестіру барысында  Орал қаласы Полиция басқармасының учаскелік инспекторлары қылмысты жасаған азаматшаны анықтап, ұстады. Ол 22 жасар Орал қаласының тұрғыны болып шықты.

«Айфон» маркілі телефон иесіне қайтарылды. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктіге қатысты Қылмыстық Кодекстің 191-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын мәлім етті.

Айта кету керек, 191-баптың 1-тармағында жазылғандай, тонау, яғни бөтеннің мүлкін ашық жымқыру – мүлкi тәркiленiп немесе онсыз, екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
95 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
336 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
324 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»