ҚАРУДЫ ЗАҢСЫЗ ҚОЛДАНҒАНДАР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ
6 қарашадан бастап Орал қаласы аумағында «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шара барысында Орал қаласы тұрғындарының үйіндегі сақтаулы қаруларының заңдылығы, әсіресе аңшы қаруларының Орал қ.ПБ-на тіркелгендігі, қаруларды сақтау ережелеріне сай арнайы дабылдатқышы бар сақтау сейфтерінің болуы, бұған дейін тіркелген қаруларының мерзімінің ұзартылуы, азаматтар көшіп-қонып мекен жайын ауыстырса, сол мекенжайға тіркелуі тиістігі т.б. тексерілуде.
Шараның алғашқы екі күні ішінде учаскелік полиция инспекторлары 239 мекенжайға барып, азаматтардың үйлерінде сақтаулы қаруларының заңдылығын тексерді. Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 484-бабымен 29 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырды. Яғни, кодекстің азаматтық, қызметтік қаруларды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау қағидаларын бұзу туралы бабын бұзған азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді, соңынан әкімшілік хаттама негізінде айыппұл төлейді.
Қала аумағында өткізілетін «Қару» ЖАШ-сы 10 қарашаға дейін жалғасады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Кіру
Пікір үстеу