8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қараша 2019 1783 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ӘКІМІНІҢ ЖАҢА ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

     ҚР Президенті Әкімшілігі келісімімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып Тимуржан Әдиетұлы Шәкімов тағайындалды.
Осыған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бағдат Азбаев өз еркімен жұмыстан босап, елордалық ең ірі компанияларының бірі – «Астана Тазалық» ЖШС-ның басшысы қызметіне ауысты.   

             

          Шәкімов Тимуржан Әдиетұлы – 1962 жылы туған. Білімі жоғары. А.И. Микоян атындағы Куйбышев инженерлік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын БҚО Камен ауданының Ленин атындағы совхозда құрылыс учаскесінің мастері, прорабы қызметтерінен бастаған.
Әр жылдары:
– «Казторгстрой» тресінің Орал құрылыс учаскесінің бас инженері;
– Батыс Қазақстан облысы Инфрақұрылым және құрылыс басқармасының басшысы – бас сәулетші;
– Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басқарма басшысы;
– Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
– Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Ол энергетика, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, сәулет және құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мәселелеріне жетекшілік ететін болады.
Осыған дейін облыс әкімінің орынбасары қызметін атқарған Бағдат Азбаев өз еркімен жұмыстан босап, елордалық ең ірі компанияларының бірі – «Астана Тазалық» ЖШС-нің басшысы қызметіне ауысты.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
96 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
148 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
337 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
325 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»