ЕКІ АЙДА 15 ВЕЛОСИПЕД ҰРЛАНДЫ
2019 жылғы 5 қарашада Орал қ.ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін ұрлықпен айналысып оқиға орнынан ілезде бой тасалап үлгеретін әккі күдіктіні қолға түсірді. Ол арнайы Атырау қаласынан келіп, ұрлықты кәсіп қылуға бел шешкен гастролер екен.

Қыркүйек айы басталысымен ол Орал қаласында еркін жүріп, көзіне көрінген велосипедтерді үптеп, сатып отырған. Еш жерде жұмыс жасамайтын 1993 жылғы, Атырау қаласының тумасы жымысқы ойларын кешкі сағат 18.00 мен түнгі сағат 23.00 аралығында жүзеге асырып отырған. Нақтырақ айтсақ, 2019 жылғы 3 қыркүйекте бұл күдікті Қонаев ықшам ауданына қарасты көп қабатты жәйлі пәтерлі бір үйдің 2 подьезінен қара сарғыш түсті рамасы бар велосипедтің тросын қысқашпен қиып, рөліне отырып зулап кеткен.
– Мен велосипедті қатты сыммен, мықты троспен подъезд алдындағы темір бағанға байлап едім, енді міне оны да қиып алып кетіпті, – деп аң таң болған 1991 жылғы Орал қаласының тұрғыны полицияға шағымданды. Велосипед иесіне 40 мың теңге шығын келді.
Осылайша, 2 ай ішінде 15 велосипедті ұрланды. Алайда, тәртіп сақшыларының кәсіби шеберлігі мен қырағылықтары арқасында Атыраудан келген гастролер қала орталығында кезекті велосипед ұрлап жатқан жерінен ұсталды. Жедел уәкілдер атыраулық жігітті басқармаға жеткізіп, одан сұрақ жауап алу барысында ол 15 велосипедті қалай ұрлағанын мойындап, айтып берді.
2019 жылдың 9 айында шаһарда 47 велосипед ұрлығы тіркеліп, отыз велосипед өз иелеріне кері қайтарылған.
Орал қ.ПБ баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу