ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖИТС-КЕ ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ КАМПАНИЯ БАСТАУ АЛДЫ
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай 5 қарашадан бастап «Қоғамдастықтардың шешуші рөлі» тақырыбымен бір айлық кампания бастау алды. Дүниежүзілік кампания аясында түрлі шаралар жоспарланған. БҚО ЖИТС-ке қарсы күрес орталығы мен облыстық салауатты өмір салтын қалыптасытру орталығының ұйымдасытыруымен өткізілген баспасөз конференциясында айлық аясында жоспарланған іс-шаралар таныстырылды.

Мамандар жыл санап жаңа тіркелгендердің көбейіп жатқанын айтып дабыл қағуда. Республикамызда бүгінде 38 524 жағдай тіркелген. Облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының мәліметінше, өңірде биыл 51 адамның бойынан қауіпті кесел белгісі анықталған. Бұл былтырғыдан 8 жағдайға көп. 1996 жылдан бері бойынша 674 жағдай тіркелген болса, қазір 413 адам диспансерлік есепте тұр.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылып отырған кампания аясында облысымызда студенттерге арналған лекторий, спорттық шаралар, сауда орталықтарында экспресс-тестілеу акциясы, театрландырылған байқау ұйымдастырылады. Экспресс-тестілеу «Орал-Ақсай» бағытында қатынайтын такси жүргізушілері арасында да өткізілмек.
– Жамбыл көшесіндегі бұрынғы перинаталдық орталықта «Дружественный кабинет» жұмыс жасайды. Онда жастар анонимді түрде тестілеуден өтіп, өз АИТВ-мәртебелерін біле алады. Маусым айынан бастап кабинетке өз еріктерімен 185 адам қабылдауға келді, – деді облыстық ЖИТС орталығы директорының орынбасары Алмагүл Монтақова.
Кампания шеңберінде әлеуметтік желілерде «#вичтуралыайтамын» хэштегімен «Мен неге АИТВ туралы айтамын?» челленджі бастау алғанын атап өту керек. Челленджге қатысушылар АИТВ-ға қатысты мәселелерін, жеке оқиғаларын айтып, 1 минуттық роликпен бөлісе алады.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу