ЖОЛ АПАТЫНАН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРІ ҚАЗА ТАПТЫ
Атырау-Орал тас жолында болған көлік апатында Ақжайық аудандағы полиция бөлімінің басшысы қаза болды. БҚО полиция департаментінің мамандары таратқан ақапаратқа сүйенсек, оқиға 2 қараша күні сағат 20.30-да Орал-Атырау жолының 264-шақырымында болған.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі 36 жастағы Volkswagen Sharan көлігінің алдыңғы дөңгелегі жарылып, жүргізушісі жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кеткенін айтты. «Фольксваген Шаран» автокөлігі «Мерседес Фура» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысты. Соның салдарынан «Фольксваген Шаран» автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы бәрі де – ер адамдар оқиға орнында көз жұмды. Соның бірі 30 жасар полиция қызметкері, полиция майоры Айболат Нұрлыбеков еді. Ол полиция органдарында 2006 жылдан бері қызмет атқарды. БҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Сүйінбаевтың айтуынша, марқұм биыл 29 тамызда Тайпақ полиция бөлімінің бастығы міндетін атқарушы болып тағайындалған екен.
– Марқұмның соңында жары, 9 және 3 жасар екі ұлы қалды. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігіне («көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану ережесін бұзуы») сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды,– деді Серік Қойсарыұлы.
Марқұмның жаназасы ертең болады.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу