8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Қараша 2019 1806 0
Қоғам

ҚАЛА КӨРКІ КӨШЕ ТӘРТІБІНЕН КӨРІНЕДІ

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қоғамдық мониторинг тобы құрылған болатын. Топ құрамында еңбек ардагерлері, депутаттар, кәсіпкерлер бар. Қазіргі таңда мониторинг топ қатарына қалалық құрылымдық бөлімше басшылары мен еріктілер қосылып, қала аумағындағы 20 округке жауапты топтар бекітілді. Бүгін №4 округтен сайланған қалалық мәслихат депутаты Мұхтар Давлетжанов, Орал қалалық білім беру бөлімі мамандары және еріктілерден құралған мониторинг топ мүшелері №4 округке қарасты «Курени» ауданы көшелерінің тазалығына мән беріп, тұрғындармен түсінік жұмыстарын жүргізді.

Аталмыш аудандағы жеке сектордағы үйлерді аралау барысында көше бойларынан қаланың көркін қашыратын қоқыстар мен құрылыс материалдарының қалдықтарын көп кездестірдік. Осы орайда көше тәртібін сақтамаған үй қожайындарына ескертулер берілді. Бірі дереу іске кірісетіндерін жеткізсе, көше бойын өзіне тиесілі санаған кей тұрғындар қарсылық та танытты. Әзірге тазалық сақтамағандарға ескерту ғана берілді, егер нәтиже шықпаса тәртіпке салудың жалғыз жолы – айыппұл дейді топ мүшелері.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
73 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
111 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
205 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
193 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
414 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»