47 АДАМ ӨЗІНЕ ҚОЛ ЖҰМСАДЫ
Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері облыста 130 суицид оқиғасы тіркеліп, 47 адам өзіне өзі қол салып, қаза тапқан.

Таяуда, яғни 27 қазан күні Орал қаласында Шаған өзеніндегі көпірден суға секіріп өлмек болған 20 жасар қызды полиция қызметкері құтқарып қалғанын жазған болатынбыз. Қыз баланы құтқарған БҚО ПД жанындағы оқу-жаттығу взводының жауынгері, полиция капитаны Е.Б. Сапанов ішкі істер органдарында 2009 жылғы мамыр айынан бері қызмет атқарады екен.
-Еркебұлан бұл оқиға кезінде кәсіби тұрғыдан өте дұрыс әрекет етті. Біз арнаулы бөлімше жауынгерлерін түрлі жағдайға дайындаймыз, соның ішінде судан құтқару, су ішінде әрекет ету әдістері бар. Еркебұлан оқу-жаттығу сабағын дұрыс меңгергенін көрсетті. Ең алдымен құтқаруға жүгіргенде киімін шешіп үлгерген. Әйтпесе, суға кетіп бара жатқан адам өзін құтқарушының киіміне жармасып, түрлі қайғылы оқиғалар жиі болады. Екіншіден, қызға жеткен соң бірден жағаға сүйремей, ең жақын жердегі құрылыққа жеткізуі де өте дұрыс болған. Өйткені, қыз жағаға жеткенше өліп кетуі де мүмкін еді. Оған қоса, су өте салқын, 8-9 градус, Еркебұланның өзі де сіңірі тартылып, жағаға жете алмай қалу қаупі болды. Сондықтан болған оқиғада өте жедел әрі кәсіби тұрғыда ең дұрыс шешім қабылдап, адам өмірін құтқарған жауынгерім үшін мақтанып тұрмын, – дейді БҚО ПД жанындағы оқу-жаттығу взводының командирі, полиция подполковнигі Ж.Қазмағамбетов.
Осыған ұқсас жағдай қыркүйектің 13 күні де орын алған еді. Дәл осы көпірде тәртіп сақшысы С. Балданов тағы бір бойжеткенді ажалдан арашалап қалған.
Жыл басынан бері батысқазақстандық полиция қызметкерлері осымен үшінші адамды суицидтен аман алып қалып отыр.
Асылай ҒҰБАШЕВА, БҚО ПД Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің қызметкері
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу