8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қазан 2019 2538 0
Қалалықтар қаперіне

«КЕСІЛГЕН АҒАШТЫҢ ОРНЫНА БЕС ЕСЕ КӨП ТЕРЕК ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ»

Оралда болашақта салынатын «Ақжайық» шағынауданы бағытына жоспарланған көпірдің жобасы өзгертілмек. Бұл туралы бүгін қала әкімдігінде өткен брифингте қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Айдар Менеев айтты.

Орал қаласы бойынша қолға алынып отырған ірі жобалардың бірі – «Ақжайық» шағынауданы бағытына салынатын көпір құрылысы. Алғашқы ұйымдастырылған қоғамдық тыңдаудан кейін жобаны өзгерту қолға алынуда. Бұған дейін қалалық демалыс және мәдениет саябағындағы 1500-дей теректің кесіліп, 50-60 үйдің сүрілетіні туралы айтылған болса, енді көпір саябақтан қашық жерден салынбақ.

– Әлі көпір салынатын жоба бекітілген жоқ. Дегенмен, көпір саябақтан қашық жерден болатынын нақты айта аламыз. Жабайы өскен 700-дей терек қана кесілуі мүмкін. Әрі бұл теректердің орнына мердігер компания бес есе көп тал отырғызып, кепілдік мерзіміне сай күтіп-баптайтын болады. ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес кепілдік мерзімін 10 жылға дейін ұзартуға мүмкіндігіміз бар. Оны жобаға енгіземіз, – деді бөлім басшысы.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
110 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
166 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
230 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
264 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
309 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»