8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Қазан 2019 2460 0
Жалын

ОРАЛДАҒЫ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДА ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Оралдағы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Сұңқар» дене шынықтыру кешені ашылды. 

Ол үшін университет ректоры Асқар Наметовтың бастамасымен білім ордасының жертөлесі жаңартылып, жеті зал жабдықталған. Атап айтқанда, спорт кешенінде қазақ күресі, дзюдо, үстел теннисі, гір тасын көтеру, қол күресі бойынша жаттығулар жүргізуге, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы сынды интеллектуалды ойындар ойнауға болады. Сондай-ақ жаттығу құралдары қойылып, тренажерлік зал жасақталған. Спорт кешенінде оқу орны студенттерімен қатар, Зашаған кенті жастарының да жаттығуына мүмкіндік берілмек.

–Өткен жылдан бастап оқу процесінен «дене шынықтыру сабағы» ұғымын алып тастадық және дене шынықтыру сабағының мұғалімдері «жаттықтырушы» лауазымына ауыстырылды. Нақтырақ айтқанда, студенттеріміз өз қызығушылықтары бойынша спорттық клубтарға қатысады.  Оқу орнында 18 спорттық клуб жұмыс жасайды. 2100 студентіміз осы клубтардың белсенді қатысушысы.  Олардың жетістіктері де бар. Әсіресе, студенттеріміз республикалық жарыстарда, Универсиада ойындары кезінде гір тасын көтеру, қол күресі жарыстарынан жүлделі орындарды иемденіп жүр, – дейді спорт клубының директоры Асхат Өкшебаев.

Эльмира НҰҒМАНОВА

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
115 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
170 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
238 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
268 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
313 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»