8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қазан 2019 1675 0
Өзек

ОРАЛДА 300-ДЕН АСТАМ КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАН ЖАС ПОЛИЦИЯНЫҢ ҚАДАҒАЛАУЫНА АЛЫНДЫ

Орал қаласында отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастағы қылмыстардың 12  пайызға артқаны байқалады. Бұл туралы бүгін Орал қаласы әкімдігінде өткен брифингте айтылды.

Осы орайда ҚР әкімшілік-құқықбұзушылық туралы заңының 73-бабында көрсетілген отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер жасағаны үшін 839 құқықбұзушы әкімшілік жауапқа тартылған.

Жасөспірімдермен жасалған қылмыс деңгейі азайып келеді. Бұл жергілікті атқарушы органның, білім беру, денсаулық сақтау салаларының бірлескен профилактикалық жұмысының нәтижесі. Десек те, кәмелетке толмағандардың түнгі сағат 23.00-ден кейін рұқсат етілмеген орындарда ересектердің қадағалауынсыз жүргені үшін 670 баланың заңды өкілі әкімшілік-құқықбұзушылық туралы заңының 442-бабына сәйкес және балаларының алдындағы міндеттерін орындамағаны үшін 67 ата-ана осы заңның 127-бабы бойынша жауапқа тартылса, жасөспірімдерге алкоголь өнімдерін сатқаны үшін 34 дүкеннің иесіне айыппұл салынған.

– Биылғы жылы әр түрлі санат бойынша 248 жасөспірім есепке алынды. Сондай-ақ 50 қолайсыз отбасы анықталды. Жалпы қала бойынша 362 кәмелетке толмаған жас, 109 қолайсыз жанұя есепте тұр. Бұл отбасыларда 196 бала тәрбиеленуде, – деді Ж.Дүйсемов.

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
70 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
106 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
202 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
186 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
409 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»