8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қазан 2019 1413 0
Қоғам

ЖЫЛЫТУ ПЕШТЕРІН ТЕКСЕРТІП АЛЫҢЫЗ!

   Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жылыту маусымына орай ағымдағы жылдың 15 қазанынан 2020 жылдың 15 сәуіріне дейін тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығын бастады. Бұл кезеңде департамент қызметкерлері азаматтарды жылыту жүйесі және электр жабдығын пайдаланудың ережелерімен ақпараттандырады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифингте БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Нұралы Мусиев мәлімдеді. 

         

       Нұралы Қажымұқанұлының айтуынша, ағымдағы жылдың басынан Батыс Қазақстан облысының аумағында 453 өрт тіркелген. Шығын 11 млн. теңгеден асқан.   Тілсіз жаудың кесірінен бес адам қаза тапса,  15 адам жарақат алған. Тұрғын үй секторында 307 өрт тіркелген. Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында БҚО ТЖ департаменті қызметкерлері тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығын бастады.

БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша облыс аумағында 1436 әлеуметтік-осал отбасы бар. Департамент қызметкерлері өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау профилактикалық жұмыстарымен халықты 100 пайыз қамтыды. Демалыс күндері әлеуметтік осал отбасыларды қайта аралау жұмыстары басталған. Профилактикалық жұмыстарға департаменттің жеке құрамынан 1550 адам жұмылдырылып, 12772 аула аралау жүргізілген. Төтенше жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ газ өткізу және иілу кезінде өрттерде адамдардың қаза болуын болдырмау мақсатында тұрғын үйлерде ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап 592 дана көлемінде табиғи газ датчиктері орнатылған. Барлық орнатылған датчиктерге үнемі мониторинг жүргізіледі. Өрт қауіпсіздігі сенбілігін өткізу барысында рейдтік топтарға «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қызметкерлері де қосылған. Олар жылыту пештерінің ақаулығы анықталған жағдайда, сол жерде оларды жою бойынша шаралар қолданады. Дереу жою мүмкін болмаған жағдайда, газ қызметінің диспетчерлік пультіне неғұрлым егжей-тегжейлі қарау үшін өтінім жібереді. Тексеріс жұмыстары  Сарытау, Арман, Көктем, Локомотив, Жазира аудандары мен  Самал-3, Балауса ықшам аудандарында, 1, 2-саяжай, Құс фабрикасы, Коминтерн, Деркөл, Курени аудандарында жүргізілген.

Жылыту маусымы қарсаңында волонтерлер сауда үйлерінде, сауда-ойын-сауық орталықтарында «Улы газға назар аударыңыз!», «Табиғи өрттердің пайда болу себебі» жадынамаларын ілді, онда Instagram, «bezopasnyi_region 07»  әлеуметтік желілерінде тіркелу көрсетілген.

Қазіргі уақытта «07 live» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – қоғам игілігі үшін қоғамдық пайдалы қызметтің өмірлік маңызды дағдыларын дамыту арқылы жастарды қоғамдастық өміріне тарту, сондай-ақ жас ұрпақтың әлеуметтік міндеттерді шешуге мол үлес қосуы.        Жобаны «Шабыт» шығармашылық бастамалар орталығы» ҚБ жүзеге асырады, әлеуметтік тапсырыстың операторы Батыс Қазақстан облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасы.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА                  

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Алаяқтардан құтқарып қалды!
22 Қараша 2025
357 0
Бәрекелді!
«Бірлік» алтын медалі табысталды
19 Қараша 2025
443 0
Оқиға
Жол-көлік оқиғасы орын алды
17 Қараша 2025
500 0
Қалалықтар қаперіне
Азық-түлік бағаларын бағамдады
15 Қараша 2025
512 0
Өзек
Меморандумға қол қойды
12 Қараша 2025
562 0
Өзек
Министрмен кездесті
08 Қараша 2025
303 0
Қалалықтар қаперіне
Тұрғындар уәж айтты
04 Қараша 2025
784 0
Қалалықтар қаперіне
Отбасын қолдау орталығы өз жұмысын бастады
04 Қараша 2025
813 0
Қалалықтар қаперіне
«Халық қатысатын бюджет»
04 Қараша 2025
764 0
Қалалықтар қаперіне
«Судың да сұрауы бар…»
04 Қараша 2025
715 0
Мезгіл мәселесі
Оралдықтармен кездесті
02 Қараша 2025
758 0
Өзек
Зашағанда мәселе көп…
29 Қазан 2025
941 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»