АС ДАЙЫНДАУ ОРНЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ
Облыстық көпбейінді аурухана базасына мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағдарламасы аясында жаңа ас дайындау орыны пайдалануға берілді. Ал осы уақытқа дейін емделушілерге ас пісірліген орын 1960-шы жылы салынғаннан бері ешқандай жөндеу көрмеген. Бұл іске кіріскен кәсіпкер болса, құрылыс жұмыстарына шамамен бір жылға жуық уақыт кетті дейді.

Басы ауырып балтыры сыздағандардың жағдайын оңалтуда тағамның сапалы дайындалуы аса маңызды. Осы орайда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті аясында әбден тозығы жеткен ас дайындау орынын жаңғыртуды қолға алған кәсіпкер – Ляна Тұрсынова бастапқыды әбден ескірген ғимаратты толықтай сүріп тастауды жоспарлағанын айтады.
– Ас үй өте ескірген. Мүлде жөндеуден өтпеген. Ал бұл орында қалай науқастарға тамақ дайындалғанын елестете алмадым. Бір қарағанда ескі ғимаратты толықтай бұзып қайта салу ыңғайлы секілді көрінді. Бірақ құрылысшылармен өзге де сала мамандарымен ақылдаса келе жөндеу жұмыстарын жасауды шештік. Тамыз айынан бері науқастарға 6 мезгіл тамақ пісіріледі. Жаңа жұмыс орны бірнеше жұмысшымен толықты ,- деді Ляна Алексеевна.
Нысанның жертөлесінен бастап күрделі жөндеу жүргізілген. Бүгінде 16 қызметкер екі ауысымда жұмыс жасайды. Жобаның жалпы құны -133 млн. теңге. Алайда құрылысты жаңғырту мен қажетті техникаларды жаңартуға – 102 млн. теңге жұмсалып, қазына қаржысы 31 млн. теңгеге үнемделген. Бұдан бөлек аталмыш бағдарлама аясында өңірде медицина саласында бірнеше жоба жүзеге асырылуда. Былтыр облыстық көпбейінді ауруханаға магниттік-резонанстық томография құрылғысы сатып алынса, биыл қалалық көпбейінді ауруханаға ангиограф және Ақжайық аудандық орталық ауруханаға компютерлік томогроф құрылғысы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында алынған.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу