8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қазан 2019 1720 0
Қоғам

БҚО-ДА ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ ҰЛҒАЙДЫ

Батыс Қазақстан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі ағымдағы жылдың тоғыз айында қайта бағалау есебімен 387,8 млрд. теңгені құрады. БҚО Статистика департаментінің мәлімдеуінше, бұл былтырғыдан 35,6 пайызға жоғары.

Инвестициялардың технологиялық құрылымының 56,3%-ын ғимараттар мен ғимараттардың құрылысы және күрделі жөндеу бойынша жұмыстар, 26,3%-ын – машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, 17,4%-ын – басқа күрделі жұмыстар мен шығындар құрады.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте ұйымдардың және кәсіпорындардың жеке қаражаттары инвестициялардың басым көздері болып қалуда (348,7 млрд. теңге).

Пайдалану бағыттары бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялық салымдардың 72,1% кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу, 11% – жылжымайтын мүліктермен жасалатын операцияларға, 5,5% көлік және қоймалауға  бағытталған.

Негізгі капиталға салынған инвестицияның қомақты көлемі Бөрлі (237,8 млрд теңге), Бәйтерек (62,6 млрд теңге), Теректі (7,4 млрд теңге),Казталов (6,9 млрд теңге) аудандарында байқалады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
105 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
163 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
226 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
261 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
306 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»