ДОСЫН ӨЛТІРГЕН АЗАМАТ 11 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ
Ішімдік ішіп досын өлтірді деген күдікке іліккен Орал қаласының тұрғыны 11 жылға сотталды. Оқиға осы жылдың шілде айында болған. Үкім кеше БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды.

Оқиға былайша өрбиді: Осы жылдың шілде айының 3-нен 4-не қараған түні Мұқашев пен Көбенкұлов қаладағы дәмханалардың бірінде сыра ішеді. Кейін олардың бұл отырысы өздері тұратын үй маңында жалғасады. Көңіл көтеру барысында екеудің естеріне бұған дейін болған оқиға түсіп, жанжал туындайды. Яғни Көбенқұлов пен Мұқашев шетелден көлік айдап келе жатады. Жолда Мұқашев Көбенқұловқа жылдамдықты асырма деп ескерту жасайды-мыс. Оған ыза болған Көбенқұлов тізгінді Молдашевқа беріп өзі темір тұлпардың артқы орнына барып ұйықтайды. Аталмыш жәйт өзара төбелеске ұласады. Ішімдікке әбден масайған Мұқашев асүй пышағын алып шығып, Көбенқұловтың сол жақ кеудесіне салып қалады. Алған жарақатының салдарынан Көбенқұлов оқиға орнында жан тапсырады. Оның үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалады. Сот төрешісі Бақыт Ермаханов аталған бап бойынша күдікті енді өмірінің 11 жылын қамауда өткізетінін жариялады.
– Мұқашев тергеу амалдары барысында түрлі сылтау айтып өзін қорғамақ болды. Десе де оның бұл ісі аса қауіпті қылмыстар санатына жатады. Енді ол жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өткізетін болады, – деді Ермаханов.
Сот үкімін оқу барысында айыпты судьяның қарсылығана қарамастан өзіне тағайындалған жазамен келіспейтінін мәлімдеп үлгерді. Марқұмның соңында ата-анасы, зайыбы мен 3 баласы қалды. Жәбірленушінің тума-туыстары соттың әділ үкім шығарғанын айтты.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз
Партиялар бір күнде білім беру, экология, тарихи жады және еңбек тақырыптарын қалай тоғыстырды?
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама

Кіру
Пікір үстеу