8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қазан 2019 1762 0
Қоғам

Ауылға жабайы қабан кіріп кетті

Батыс Қазақстан облысында полицейлер ауылға кіріп кеткен қабанды атып өлтірді. Бұлай жасауға олар мәжбүр болған. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешқұрым Бәйтерек ауданының орталығы Переметныйда болған.

Сағат 18.56-да ауыл тұрғынынан балалар ойын алаңда жабайы қабанның жүргені жөнінде хабар түскен. Оқиға орнына екі тәртіп сақшысы келген. Олар жануарды ауыл сыртына шығарып жіберу үшін барынша әрекет еткенімен, хайуан адамдар өміріне қауіп төндірген. Сондықтан полиция инспекторлары «Құқық қорғау қызметі туралы» ҚР Заңының 61-бабы 1-бөлігі 6-тармағына (адам өміріне немесе денсаулығына іс жүзінде қатер төндірген жағдайларда хайуанаттардың шабуылынан қорғану мақсатында атыс қаруын және өзге де қаруды қолдану) сәйкес табельдік қаруды қолданып атып өлтірген. «Атыс қаруы қолданылғаны жөнінде ақпарат Бәйтерек ауданы прокурорына хабарланды», – деді ПД-дан.

Айнұр ҚҰРМАШЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Әлем жаңалықтары
В ОАЭ запретили соцсети для детей младше 15 лет
19 Маусым 2026
45 0
Білім
Педагогтерді қолдап отыр
17 Маусым 2026
142 0
Мәдениет
400 мыңнан астам кітап қоры бар
16 Маусым 2026
197 0
Қалалықтар қаперіне
Шаған көпірі уақытша жабылады
13 Маусым 2026
260 0
Қоғам
Бюджет атқарылуы бақылауда
12 Маусым 2026
292 0
Экология
Абаттандыру – басты назарда
11 Маусым 2026
337 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»