АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДА СПАРТАКИАДА ӨТТІ
Қайырымдылық айлығы аясында бүгін қалада тұңғыш рет ардагерлер арасында спартакиада өтіп, әр жастағы 100-ден аса аға буын өкілдері асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы спорты түрлерінен бақ сынасты.

Орал қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың спорт залында өткен спартакиаданы қала әкімі Абат Шыныбеков ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. – Құрметті ардагерлер! Қайырымдылық айлығы шеңберінде ардагерлер арасында өткізіліп жатқан спорттық додаға қош келдіңіздер. Бүгінгі таңда дені сау ұлттың – болашағы зор екені баршамызға аян. Сондықтан елімізде Елбасымыздың бастамасымен бұқаралық спортты дамытуға үлкен мүмкіндіктер жасалуда. Осы бағытта ардагерлердің де сүйікті спорт түрлерінен бақ сынасуына мүмкіндік жасау мақсатында қалалық ардагерлер кеңесімен бірге осындай спартакиаданы дәстүрлі түрде өткізуді жолға қоймақпыз. Спортсүйер аға-апаларымыздың жарысқа құлшыныспен келіп, қатысып жатқаны көңіл қуантады. Бұл жақсы бастама деп ойлаймыз. Күзде басталған спартакиада алдағы уақытта да қалалық әкімдіктің қолдауымен кезең-кезеңмен жалғасады. Спорттың сан түрінен талай мәрте республикалық, облыстық жарыстарда топ жарған ағаларымыз орталарыңызда тұр. Осындай спорттық шаралар ардагерлерге күш-қуат беріп, жас ұрпаққа үлгі өнеге болады деп білеміз. Спорттық шараның М.Өтемісов атындағы киелі білім қарашаңырағында өтуінің өзі жайдан-жай емес. Өйткені өңір спортындағы елеулі жетістіктер осы білім ордасынан бастау алып, талай әлем чемпиондары осында жаттыққан. Ұрпақтар сабақтастығын берік жалғап келе жатқан университет ұжымына ризашылығымды білдіремін, – деген шаһар басшысы Абат Шыныбеков спорт жанашыры, өңір спортын дамытуға елеулі үлес қосқан, бүгінде мерейлі жасқа аяқ басқан Николай Константинұлына Алғыс хат табыстады.
Шарада сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзағали Мұхамбетов жастар адаспас үшін аға буын өкілдерінің жеткіншектердің тәрбиесімен айналысып, оларға әр ісімен үлгі болуы керегін жеткізді. Өз кезегінде қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжебай Нығметов осындай игі бастаманы қолға алған қала әкіміне, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі ұжымына алғысын білдіріп, басқосудың мақсаты егде жастағы қариялардың басын қосып, әңгіме дүкен құруына ықпал ету екенін атап өтті. Жарыс алдында ардагерлер сергіту жаттығуларын жасап, белсенділіктерін танытты. Одан соң ардагерлердің бір тобы ерекше көңіл-күймен шахмат, дойбы үстелдеріне жайғасса, енді бірі асық атудан сынға түсті. Ақ жаулықты әжелер ұлттық ойын Хан талапай ойнап, мәз болысты.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА


Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Оралда ер адам банкоматтың купюра салатын ұяшығындағы өзгенің ақшасын алып кеткен
Оралда Дүниежүзілік тазалық күніне орай жалпықалалық сенбілік өтті
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Кіру
Пікір үстеу