Ең пайдалы және зиян нан аталды

Диетолог-дәрігер Елена Соломатина «Вечерняя Москваға» адам ағзасына пайдалы және зиян нан түрлерін айтып берді. Дәрігер нан таңдау барысында оның құрамымен толық танысып алу қажет екенін атап өтті. Нанның құрамы неғұрлым жеңіл болса, соғұрлым жақсы. Егер нанның құрамы ұн, су және тұздан тұрса оңтайлы. Осылайша, дәстүрлі шығыс наны – лаваш, пури тандыр наны не Жерорта теңізі питаны жарайды. Не Италия наны чиабаттаны қолдануға болады, алайда бұл нан түрін құрғақ ашытқымен жасайды. Сонымен қатар кебектен жасалған нан түрінің де пайдасы көп. Нан жасау үшін қолданатын ұн түрі көбіне жоғары сұрыпты емес, екінші сорттағы не қарабидай ұны болғаны абзал. «Пайдасы жағынан бірінші орынға қарабидай нанын қояр едім. Бірақ қаптаманың сыртында қарабидайдан жасалған деп жазылғанымен, көбіне құрамында қарабидай болмауы мүмкін. Өндірушілер бидай ұны мен бояғыштар қосады. Қарабидай егістік алқаптары жоқтың қасы. Сондықтан қаптамадағы құрамды мұқият қарау қажет», – дейді диетолог маман. Диетологтың айтуынша, көбіне адамдар қарны аш болған кезде жаңадан піскен өнімді алуы мүмкін. Бұл – дұрыс емес. Бүгінде нан өнімдерінің нарығында қызықтыратын дүниелер көп. Үлкен супермаркеттерге кіргенде нанның хош иісі аңқып тұрады. Дәл сол жерде нан пісіріп жатқандай көрінеді. Маманның айтуынша, бұл жай ғана маркетингтік әрекеттер. Ірі супермаркеттерде нанды тек жылытып қояды екен. Дәрігер жасанды қосындылармен әзірленетін нан түрлерінің инсулинорезистент пен диабеттің екінші түріне алып соғуы мүмкін. Қопсытқыштар мен дәмдеуіштер нанның дәмін өзгертуі мүмкін, бірақ бұл денсаулыққа зиян.
https://kaz.tengrinews.kz/densaulyq/en-paydalyi-jane-ziyan-nan-ataldyi-301609/
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Экология, өндіріс және медицина: партиялардың сайлау науқанында көтерген басты тақырыбы қандай?
Теректі ауданында «Адал еңбек – адал табыс» атты экологиялық акция өтті
Шыңғырлау ауданында мемлекеттік қызметшілер арасында тимбилдинг іс-шарасы өтті
Шағырлой ауылында «Әділдік пен адалдық – өмірлік ұстаным» атты таным сағаты өтті
Ең төменгі жалақы, алимент, экология: жеті партия сайлаушылармен нені талқылап жатыр?
Елімізде жаз басталғалы бері қайта жаңғыртудан өткен 70 теміржол вокзалы ашылды
Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды
Жүгіру, пікірталас және еркін форматтағы әңгіме: Қазақстандағы сайлауалды дода қалай өтіп жатыр?
Астанада 6-9 тамыз аралығында Орталық Азиядағы ең ірі гик-мәдениет фестивалі – Comic Con Astana 2026 өтеді
ОСК Құрылтай сайлауына арналған дауыс беру бюллетенінің үлгісін көрсетті
БҚО-да ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселесі талқыланды
Құрылтай сайлауы: сайлау учаскеңізді Telegram-бот арқылы оңай анықтаңыз

Кіру
Пікір үстеу