8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қазан 2019 1803 0
Қоғам

БАЛАНЫ ШАПАЛАҚПЕН ҰРУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНБАҚ

Шотландия Біріккен корольдік құрамындағы ата-ананың баланы шапалақпен ұруына тыйым салған бірінші ел болмақ. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.

Бұл заң жобасын өңірлік парламентте 84 адам қолдаған, тағы 29-ы қарсы шыққан. Жарғы корольдік рұқсатын алған соң бір жылдан кейін күшіне енеді.

Заң жобасын енгізген Шотландиядағы Жасылдар партиясының мүшесі Джон Финни бұл балалардың құқығын қорғаудағы батыл қадам болды деген ойда.

«Бұл шешуші әрі батыл қадам болды. Балалар үлкендер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылықтан қорғалуы керек», – деді ол.

Ұлыбританияда ата-аналар тәртіп үшін баласын шапалақпен салып қала алады. Дегенмен мектептерде балаға күш көрсетуге тыйым салынған.

Бұл заңды қолдаушылардың айтуынша, баланы шапалақпен тартып жіберген кезде ол әлсіз күйде қалады. Ал заңға қарсы шығып, баланы осы әдіспен тәрбиелеймін деген ата-аналар енді зардап шегетін болады деген ойда.

 

BAQ.KZ.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Көлік қозғалысы уақытша шектеледі
16 Қыркүйек 2026
191 0
Өңір жаңалықтары
Жастарға – ерлік өнегесі
14 Қыркүйек 2026
237 0
Өңір жаңалықтары
Оралда 140 отбасы баспаналы болды
12 Қыркүйек 2026
417 0
Национальный ядерный центр Республики Казахстан
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
11 Қыркүйек 2026
405 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»